Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Сақабаев К.

Сақабаев Көкей

Сақабаев Көкей (Көпжасар) (1930-1995 жж.) – журналист, жазушы, КСРО Журналистер одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Самар ауданы, Көкжыра ауылында орта шаруа отбасында дүниеге келген. Қазақ тау-кен институтын аяқтаған соң (Алматы), Жезқазған кен басқармасында ауысым бастығы, кейін Самар ауданы «Казолово» кен басқармасында: тау жұмыстары меңгерушісі, учаске бастығы, кен бастығы, кен басқармасы бас инженерінің орынбасары; Лениногорскі полиметалл комбинатының жоба-конструкторлық бөлімінде инженер-конструктор, аға инженер-конструктор, сектор бастығы қызметтерін атқарған.

Инженер-кенші жұмысымен бірге шығармашылықты да қатар алып жүрген. Шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жазған. Туындылары облыстық, жергілікті, республикалық газеттер мен «Жұлдыз», «Простор» журналдарында жарияланған.

Алғашқы әңгімелер жинағы «Өткел аузында» кітабында замандастары, шахтерлер, металлургтер, техникалық зиялылар жайлы сыр шертеді. Облыстық «Коммунизм туы» газеті редакциясында жұмыс істеп жүріп, «Кенші келбеті» очерктер жинағын, Шығыс Қазақстанның кенші-металлургтері жайлы жазылған «Көктас» романын жариялайды.

1984 ж. К. Сақабаев өзінің бұрынғы жұмысына қайта оралып, 1990 жылға дейін Өскемен қаласында «Казгипроцветмет» мемлекеттік жобалау институтында жобаның бас инженері қызметін атқарған.

Жоғары өндірістік көрсеткіш көрсетіп, өндіріске өнертабыстық ұсыныс енгізгені үшін, белсенді шығармашылық жұмысы үшін облыстық атқару комитеті, облыстық кәсіподақ кеңесі, Лениногорскі полиметалл комбинатының құрмет грамоталарымен, «В. И. Лениннің 100 жылдық мерейтойына орай қажырлы еңбегі үшін»  мерейтой медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Оның шығармашылығына арналған материалдар облыстық «Дидар» («Коммунизм туы») газеті мұражайында ұсынылған.

 

К. Сақабаевтың (Сақабайұлы) шығармалары

Произведения Сакабаева К.

 

Кітаптар - Книги

 

Сақабаев, К. Өткел аузында [Мәтін] : әңгімелер / К. Сақабаев. - Алматы : Жазушы, 1969. - 84 б.

Сақабаев, К. Кенші келбеті [Мәтін] / К. Сақабаев. - Алматы : Қазақстан, 1981. - 107 б.

Сақабаев, К. Көктас [Мәтін] : роман / К. Сақабаев. - Алматы : Жазушы, 1984. - 232 б.

Сақабайұлы, К. Намыс [Мәтін] / К. Сақабайұлы. - Өскемен : Шығыс баспа, 2000. - 64 б.

 

К. Сақабаевтың (Сақабайұлы) мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары - Публикации К. Сакабаева в периодических изданиях и сборниках

 

Прозасы - Проза

 

Сақабаев, К.Намыс; Көкқой-Өскемен; Қошқарбай; Ұран жол; Редір; Сағым [Мәтін] : әңгімелері / К. Сақабаев // Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен : ШҚМУ, 2010. - Б. 128-162.

Сақабаев, К. Намыс [Мәтін] : Ұлы Отан соғысының батыры Т. Тоқтаров жайындағы повестен үзінді / К. Сақабаев // Дидар. - 1994. - 2 маусым. - Б. 3.

Сақабаев, К. Көкқой - Өскемен [Мәтін] : Кеңестер Одағының Батыры Т. Тоқтаров жайындағы повестен үзінді / К. Сақабаев // Дидар. - 1995. - 5 қаңтар. - Б. 3.

Сақабаев, К. Намыс [Мәтін] : Ұлы Отан соғысының батыры Т. Тоқтаров жайлы повестен үзінді берілген / К. Сақабаев // Дидар. - 1998. - 28 тамыз. - Б. 3.

***

Сакабаев, К. До последнего вздоха [Текст] : отрывок из повести "Тулеген Тохтаров") / К. Сакабаев // Рудный Алтай. - 1995. - 7 мая. - С. 3.

Сакабаев, К. Перед шагом в бессмертие [Текст] : отрывок из повести "Тулеген Тохтаров") / К. Сакабаев // Рудный Алтай. - 1995. - 18 апреля. - С. 2.

 

Мақалалар - Статьи

 

Сақабаев, К. Ерлік [Мәтін] / К. Сақабаев // Социалистік Қазақстан. - 1965. - 24 ноябрь. - Б. 3.

Сақабаев, К. Арман жетегінде [Мәтін] : очерк / К. Сақабаев // Коммунизм туы . - 1979. - 12 май.- Б. 4.

Сақабаев, К. Жаңа рейс [Мәтін] / К. Сақабаев // Коммунизм туы . - 1979. - 5 июль.- Б. 3.

Сақабаев, К. Дәрігер мерейі [Мәтін] / К. Сақабаев // Коммунизм туы. - 1982. - 20 май. - Б. 3.

Сақабаев, К. Ерлігі оның мәңгілік [Мәтін] / К. Сақабаев, Қ. Сапарғалиев // Коммунизм туы. - 1982. - 9 февраль.- Б. 2.

Сақабаев, К. Ардагер азамат [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагері,танкист,лениногорлық Қ. Ақажанов туралы] / К. Сақабаев // Дидар. - 1995. - 25 сәуір. - Б. 3.

Сақабаев, К. Риддерде [Мәтін] : [Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров туралы] / К. Сақабаев // "Казцинк" ААҚ жаршысы. - 2001. - №16.- Б.3-4.

***

Сакабаев, К. Дуэль со снайпером [Текст] : об участнике Великой Отечественной войны,орденоносце Д.К.Титове из г.Усть-Каменогорска / К. Сакабаев // Рудный Алтай. - 1995. - 27 апреля. - С. 3.

 

К. Сақабаевтың (Сақабайұлы) өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер - Литература о жизни и творчестве Сакабаева К.

 

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - 392 б. - Сақабаев Көкей (Көпжасар): б. 262.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Сақабаев Көкей (Көпжасар): б. 450.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - 480 б. - Сақабаев Көкей (Көпжасар): б. 335.

Құмарбекұлы, М. Намыс [Мәтін] : Көкей Сақабаев туралы / М. Құмарбекұлы // Совет Одағының Батыры - Герой Советского Союза Төлеген Тоқтаров / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен : ШҚМУ, 2010. - Б. 127.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. - Сақабайұлы Көкей (Көпжасар): б. 144.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Сақабаев Көкей (Көпжасар): б. 650.

Әміренов, М. Ескерткіш тақта орнатылды [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. - 2007. - 23 қаңтар. - Б. 3.

***

Немцев, М. С. Лениногорск литературный [Текст] : биографический справочник / М. С. Немцев. - Лениногорск : Полиграф-Сервис, 2002. - 167 с. - Сакабаев Кокей (Копжасар): с. 87-88.

Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна; Қазығұрт, 2010. - 528 с. - Сакабаев Кокей (Копжасар): с. 420.

Қапанов, Б. Совет Одағының Батыры - Герой Советского Союза Төлеген Тоқтаров [Текст] / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен : ШҚМУ, 2010. - 254 с. - Сакабаев Кокей (Копжасар): с. 126.

Немцев, М. С. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / М. С. Немцев. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2012. - 245 с. - Сакабаев Кокей (Копжасар): с. 139.

Азмухамбетов, Ш. Рудознатец, писатель, журналист [Текст] : он оставил о себе добрую память : установлена мемориальная доска на доме № 25 по улице Гагарина в Риддере, где жил инженер-горняк, писатель и журналист Кокей (Копжасар) Сакабаев/ Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2007.- 25 января. - С. 24.