Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Хасенов М.

Мұхамметқали Хасенов

Хасенов Мұхамметқали (1927-1987 жж.) – тілші, жазушы, драматург, сценарийші, ҚазССР Кинематографистер одағының мүшесі.

 

Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Үржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң, 1953 жылға дейін облыстық «Қызыл Ту», «Прикаспийская Коммуна» (Гурьев қ., қазіргі Атырау) газетінде (Павлодар қ.) меншікті тілші, жауапты хатшы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТАСС және КазТаг тілшісі, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы») бас редактор міндетін атқарған.

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу, 1959) сценарийшілер факультетін аяқтайды. Кейін Қазақстан Мәдениет министрлігінде аға және бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағы драматургия бөлімінде әдеби кеңесші, Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында әдеби бөлім бастығы, Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

"Сарыарқа" (1961), "Жоғалған күнделік" (1962), "Тағы да махаббат туралы" (1970), "Тергеуші" (1972), "Сырласу" (1973), "Пай, пай жас жұбайлар!" (1978), "Қайсар" (1980) пьесалар жинағының авторы. "Ботагөз" (А. Филипповпен бірге, 1957), "Біздің Күләш" (1967), "Шәкен Айманов" (1974) көркем және деректі фильмдеріне сценарий жазған.

Қазақстан Жоғары Кеңесі грамотасымен марапатталған. 

 

М. Хасенов шығармалары

Произведения Хасенова М.

 

Кітаптар – Книги

 

Хасенов, М. Берлинді алған батырлар [Мәтін] : очерктер жинағы / М. Хасенов . - Алматы : Қазақстан, 1977. – 104 б.

Хасенов, М. Дәуір және жазушы [Мәтін] / М. Хасенов . - Алматы : Қазақстан, 1968. - 65 б.

Хасенов, М. Пай-пай жас жұбайлар-ай! [Мәтін] : пьесалар жинағы / М. Хасенов . - Алматы : Өнер, 1993. - 416 б.

Хасенов, М. Ұнамды образ және типтендіру [Мәтін] / М. Хасенов . - Алматы : Ғылым, 1966. - 279 б.

Хасенов, М. Дала тынысы [Мәтін] : повесть, очерк, әңгімелер / М. Хасенов . - Алматы : Жазушы, 1988. - 245 б.

Хасенов, М. Ғабиден Мұстафиннің шеберлігі [Мәтін] / М. Хасенов. - Алматы : Қазақ ССР-нің "Ғылым" баспасы, 1987. - 136 б

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Публикации в периодических изданиях

 

Хасенов М. Бағыт-техникалық прогресс [Мәтін] : "Казмырыш акц. қоғамы Өскемен металлургиялық кешенінің даму бағдарламасы / М. Хасенов // Дидар. - 1997. - 26 шілде.

 

М. Хасенов туралы әдебиеттер

Литература о М. Хасенове

 

Кітаптар – Книги

 

Құндайбайұлы Б. Заман және театр өнері [Мәтін] / Б. Құндайбайұлы . - Алматы : Өнер, 2001. - 520 б. – Хасенов Мұхаметқали: б. 440

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. –   Хасенов Мұхаметқали: б. 327.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б. – Хасенов Мұхаметқали: б. 89.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. -Хасенов Мұхаметқали: б. 414

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. – Хасенов М: б. 164

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. –Хасенов Мұхаметқали: б. 789

 

***

Литература Казахстана [Текст] : знциклопедический справочник . - Алматы : Казыгурт, 2010. - 528 с. – Хасенов Мухаметкали: с. 496

Писатели Казахстана [Текст] : справочник. - Алма-Ата : Жазушы, 1982. - 280 с. -Хасенов Мухаметкали: с. 256

Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006. - 82 с. - Хасенов Мухаметкали: с.75