Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Тучин М. В.

Тучин  Михаил  Васильевич – еңбек ардагері, Шемонайха қаласы әкімшілігінің бірінші басшысыТучин Михаил Васильевич (1944 ж.) – еңбек ардагері, Шемонайха қаласы әкімшілігінің бірінші басшысы

1944 жылы 13 ақпанда Предгорное ауданы Барашка ауылында дүниеге келген Тучин 1955 жылы Тучиндер отбасы Предгорное ауданы (Шығыс Қазақстан облысы) Веселовка селосына көшіп келеді. Михаил Васильевич мектепте оқып жүргенде, Ертіс химия-металлургиялық зауытта өндірістік практикадан өтеді.

1959 жылы М.В.Тучин Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік жастар Одағына мүшелікке қабылданады (ВЛКСМ/БЛКЖО).

Еңбек жолын 1960 жылы ИХМЗ кәсіпорнында жөндеу-механикалық цехта бастады.

1960 жылы қыркүйекте жұмысшы жастар мектебіне оқуға түседі, кейін бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика цехына жұмысқа кіреді.

1963 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылады. «Жас жауынгер» курсынан кейін Германия Демократиялық Республикасының Потсдам қаласына зенит-артиллерия полкына жіберіледі.

1966 жылы армиядан туған ауылы Первомайскіге оралады. 1966 жылы 25 қарашада Михаил Васильевич Анна Филиповна Поломошноваға үйленеді. 1967 жылы ИХМЗ кәсіпорнының комсомол комитетіне хатшы болып сайланады.

1967 жылы Өскемен индустриалдық техникумына (Шығыс Қазақстан облысы) сырттай оқуға түседі. 1970 жылы бақылау-өлшеу аспаптарының техника-электромеханикасы дипломына ие болады.

1969 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясына мүшелікке қабылданып, 1973 жылы қаңтарда Шемонайха аудандық партия комитетінің өндірістік-көлік бөліміне нұсқаушы болып тағайындалады.

Партия мектебін бітірген соң Шемонайха аудандық комитетінің ұйымдастыру бөліміне нұсқаушы болады.

Михаил Васильевич 1977 жылы желтоқсанда «Белокаменск» совхозының партия комитетіне хатшы болып тағайындалады.

1987 жылы қаңтарда Шемонайха қалалық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланады.

1992 жылы Шемонайха қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитеті таралғаннан кейін, Шемонайха қалалық әкімдігінің әкімі болып тағайындалады.

1997 жылы Михаил Васильевич өз еркімен қызметтен босап, 1997 жылы «Макаров и К» ЖШС жұмысқа орналасады. 2004 жылы зейнеткерлікке шығып, 2011 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.

«Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты», «Халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл» медальдары;

Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының 50-жылдығына байланысты төсбелгі, «Готов к труду и обороне» Бүкілодақтық физкультура кешенінің алтын белгісі, Кеңес Армиясы, Қазақ ССР Коммунистік партиясының аудандық комитетінің грамоталарымен марапатталды.