Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Миллер П.К.

Миллер П.К. Миллер Петр Климентьевич (1910-1987) – Кеңес Одағының Батыры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

Петр Климентьевич Миллер – 465 атқыштар полкі танкке қарсы қарудың командирі (167 атқыштар дивизиясы, 38- армия, Воронеж майданы), аға сержант.

1910 жылы 10 тамыз күні  Украинаның Одесса облысында, Красноокия ауданы Флера селосында туған. 1911 жылы Столыпин реформасының кесірінен  Самара облысына қоныс аударады. 4 кластық білімі бар. 1931 жылдан бастап колхозда жұмыс істеген.

1933 жылы Кеңес əскері қатарына шақырылды. Əскери борышын өтеп келген соң Балқаш мыс қорыту комбинатында жұмыс істеді. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына жіберілді. Ол Дон, Днепр өзендерінен өту, Карпат жеріндегі шайқастарға қатысты. Петр КлиментьевичМиллер 465-атқыштар полкінде (Воронеж майданы, 38-армия, 167-атқыштар дивизиясы) танкіге қарсы ататын қарудың расчет командирі болды. Брянск, Воронеж, 1 және 4-Украина майданында шайқасқан. Төрт рет жараланған. 1943 жылы Днепрден (Чернигов-Припять операциясы) өту кезінде ерлігімен көзге түскен.

1943 жылы Петр Миллердің взводы басқа бөлімшелермен бірге бес балықшы қайығымен Вышгород селосы  маңында (қазіргі Киев облысы) Днепр өзенінен өтеді. Миллер Петр Климентьевич  жəне пулеметші Ф.Паршин жағалауға жетіп, жаумен айқасқа түсіп, жаудың от шашқан екі нүктесін жояды. Сөйтіп, батальонның қалған бөлімдерінің өткелден аман өтуіне жағдай жасайды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 10 қаңтарда Днепр өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Миллер Петр Климентьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп,  Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. Әскер қатарынан босаған соң Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрып, қорғасын-мырыш комбинатында еңбек еткен. Өскемен қаласының Құрметті азаматы. 1987 жылы 21 қазанда қайтыс болды. Өскемен қаласының бір көшесіне Батырдың аты берілген. П.К. Миллер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған.

 

П. К. Миллер туралы әдебиет

Литература о П. К. Миллер

 

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.595 – Т.2

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата :КазОгиз, 1945. – с. 303-304.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - КеңесОдағыныңБатырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

Столбовская Н. В канун Великой Победы //Вестник Казцинка, 2004. С. 4.