Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Славский Е.Н.

Славский Е. Славский Ефим Николаевич (1898-1991)

Славский Ефим Николаевич Донецкі (Украина) облысының Макеевка қаласының тумасы. Азамат соғысының ардагері, Мәскеу алтын және түсті металл институтының түлегі. Еңбек жолын алюминий өнеркәсібінен бастап, 1946 жылдан Бас алюминий бастығы болады. Кейін КСРО Орта машина жасау министрі, Орта машина жасау бойынша КСРО мемлекеттік өндірістік комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Ефим Славский есімі КСРО-ң атом саласын құрумен тығыз байланысты. Ол атом өнеркәсібі мен ядро индустриясының негізін қалаушы әрі жетекшілердің бірі, 30 жыл бойы Орта машина жасау Министрлігін басқарған.

Ол кісінің жетекшілігімен әрі тікелей қатысуымен КСРО, Шығыс Еуропа мен Азия елдерінде атом ғылымы мен техника дамып, елдің ядролық қалқаны нығайып, атом электростансалары іске қосылып, уран мен алтын шығару бойынша керемет технологиялар жасалып, енгізілді. 1962-1988 жж. аралығында Е.П.Славский ШҚО-дан КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланады. Осы уақыт аралығында ол Өскемен қаласының дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның бастамасымен Өскемен Үлбі металлургиялық зауытында атом энергетикасының дамуына байланысты жобалар қарқынды түрде жүзеге аса бастады. Сонымен бірге, Ефим Николаевичтің жетекшілігімен облысымызда мал шаруашылығы кешені құрылды, Самар мен Никитинкада тұрғын үйлер, Шемонаихада Оба арқылы өтетін көпірсалынды.

Осы кісінің қатысуымен Өскемен қаласында Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйі, Пионерлер үйі, «Ертіс» қонақ үйі, Ертіс жағалауы, «Стрелка» шағын ауданы және қаланың көптеген өзге де әлеуметтік нышандарының негізі қаланды. Осы кемеңгер тұлғамыздың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында және ҮМЗ жұмысшыларының ұсынысымен 1998 жылы Ертіс жағалауы Славский атындағы жағалау болып өзгертілді.

Ертіс құрылыс басқармасының директоры болған В.Плохих былай деп еске алады: «Ефим Павловичпен әңгімелесу біз үшін үлкен құрмет еді. Әр ісіне қатаң тәртіппен қарайтын. Өз-өзінен істің нәтижесін талап ететін. Ефим Павлович - әрқашан қайырымды. Адамдардың атақ-дәрежесіне қарамастан бәрімен де жылы сөйлесетін. Адамның көңіл-күйіне мән беріп, қиын сәтте немесе өзінен көмек сұрағандарға әрқашан қолдау көрсететін...»

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жыл 25 тамызда Өскемен қаласының Ертіс Жағалауына (№32 үйдің рекреациялық аймағы) үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Ленин және үш Мемлекеттік сыйлық лауреаты, КСРО орта машина жасау министрі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы – Ефим Павлович Славскийге қола ескерткіш орнатылды.

Мүсіннің пішінін өзіміздің шеберлер әзірлеп, ал фигурасын Алматы қаласында құйған. Биіктігі 1,6 метр, салмағы – 350 кг. ескерткіш, үш метрлік гранит тұғырына орнатылған. Граниттің өңделмеген бөліктері әдейі алынған, өйткені тас бөліктері аязға төзімді болып келеді. Мүсіннің салмағы – 350 кг. Мүсіншілер – Хамитби Күлчаев (Өскемен қаласы) пен Александр Лягин ( Мәскеу қаласы). Жоба сәулетшісі Үлбі жоба-конструкторлық институтының жетекші сәулетшісі - Станислав Христофоров. Ескерткіштің ашылуына белгілі министрдің немересі – Славский Павел қатысты.

Әдебиеттер:

Садыков, Г. Имя Ефима Павловича Славского в наших сердцах [Текст] : / Садыков Г. // Рудный Алтай. - 1997. - 13 мая.
Памяти Славского [Текст] : [Наб.Иртыша г.Усть-Каменогорска названа именем бывш.министра Средмаша СССР] // Рудный Алтай. - 1998. - 19 сент. -.
Плохих, В. Светлый, мудрый человек и гражданин [Текст] : к 110-летию со дня рождения Ефима Павловича Славского / Плохих В. // Рудный Алтай. - 2008. - 21 окт. - С. 2-3.
Минченко, В. Бронзовый бюст легендарного министра [Текст] : [о торжественном открытии бюста-памятника трижды Героя Социалистического труда, Почетному гражданину Усть-Каменогорска Е. П. Славскому] / В. Минченко // Рудный Алтай. - 2011. - 27 авг. - С. 1, 2.