Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Бақтыбаев Х.

Бақтыбаев Хайролла - металлург, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысына қатысқан.Бақтыбаев Хайролла (1925 - 2020 жж.) - металлург, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Покровка селосында (қазір Маңырақ) дүниеге келген. Еңбек жолын 1941 ж. туған ауылында шопан болып бастаған. 1942-1947 жж. Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1951 жж. – «Завет Ильича» колхозында шопан болған. 1951 ж. бастап В.И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында (қазір Казцинк) балқытушы болды. 1951 ж. сәуірден тамыз айына дейін комбинаттың жөндеу-механикалық базасында құюшы болып жұмыс істеді. 1951 ж. тамызынан бастап – комбинаттың мырыш зауытында балқытушы. 1975 ж. бастап дербес зейнеткер.

1954 жылы, қорғасын балқыту процесін игерудің ауыр кезеңінде Хайролла Бақтыбаев Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты (қазір Казцинк) дирекциясы мен қоғамдық ұйымдардың үндеуін қолдап,  қорғасын зауытының ең бір жауапты учаскесі – балқыту цехында көрікші болды. 

Х. Бақтыбаев қорғасын балқытудың барлық процесін жете білді және пештердің апатсыз жұмысын қамтамасыз етіп, технологиялық процестердің бұзылуына жол бермеді. Өндірістік тапсырмаларын жүйелі түрде орындап, әсіресе сегізінші бесжылдықта ерекше еңбек көрсеткішіне қол жеткізді.  Жанкешті еңбегінінің нәтижесінде озат балқытушының еңбек өнімділігі - 1966 ж. - 103,2 пайыз, 1967 ж. - 104,9, 1968 жылы -104,5, 1969 ж. -102,1, 1970 ж. - 105,3 пайыз құрады. Өндіріс озаты Хайролла Бақтыбаев социалистік міндеттемелерін 1970 ж. 1 қарашасына мерзімінен бұрын орындап, жоспардан тыс 667 мың. руб соманың өнімін берді. 

1962 ж. бастап КПСС мүшесі.

Х. Бақтыбаев бірнеше рет комбинат парткомы, цех және зауыт кәсіподақ комитеті, обком және металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағы құрамына сайланды. ВЦСПС делегаты, Өскемен қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болды. 

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 30 наурыздағы  Жарлығымен түсті металлургия саласында қол жеткізген толағай табыстары мен еңбектегі ерлігі үшін Хайролла Бақтыбаевқа  Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды.

Қызыл Жұлдыз ордені, 2 дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендері және Социалистік Еңбек Ерінің Алтын Жұлдызы, «Құрмет» ордені; «За доблестный труд» медалі; Владимир Ильич Лениннің 100 жылдығын атап өту «Еңбек ардагері», «Құрметті металлург» белгілерімен  марапатталды.

2020 жылы дүниеден өткен. 

 

Х. Бактыбаев туралы әдебиеттер – Литература о Х. Бактыбаеве

Кітаптар-книги:

 

 Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бақтыбаев Хайролла: б. 244.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы:

 

Бахтыбаев Хайрулла [Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Тенгриньюс : сайт. - Режим доступа : https://tengrinews.kz/pobediteli/veteran/1540/ (22.12.2017)