Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Кітапбаев Б.

Кітапбаев Бошай – Большенарым ауданы (қазір Катонқарағай ауданы) Ленин атындағы колхоз бастығы, экономика ғылымдарының кандидаты, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері. Кітапбаев Бошай (Сәдуақас) (1923-2015) – Катонқарағай ауданы (бұрынғы Большенарым) Ленин атындағы колхоздың бастығы болған, Социалистік Еңбек Ері Ұлы Отан соғысының ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты.


1923 жылы 2 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында дүниеге келген.
1941-1944 жж. Совет Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан, артиллерист, аға сержант. Соғыста ауыр жарақат алып, елге оралады.
1944-1955 жж. Катонқарағай ауданында, Зырян қаласында партия және совет қызметтерін атқарған.
1955-1990 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы (қазіргі Катонқарағай ауданы) Ленин атындағы колхозды басқарады.
1973-1978 жж. Талдықорған облысының КПСС XXII съезі атындағы колхозын басқарды.
1966 жылы Алматы ауылшаруашылығы институтын (қазір ҚазҒАУ) сырттай бітірген. 1970 жылы Мәскеу қаласында КПСС Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясында кандидаттық диссертация қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
 Б. Кітапбаев басшылығындағы колхоз аудан ғана емес, облыс көлемінде де үздік атанды. Жыл сайын ауылшаруашылығы өнімдері өндіруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекетке жоспардағыдан екі есеге артық бидай, үш есе артық күнбағыс өткізілді. Ет, сүт, жүн тәрізді ауылшаруашылығы өнімдерін өткізудің бесжылдық жоспары асыра орындалып, кіріс алты миллионнан аса соманы құрады.
1970 жыл Ленин атындағы колхоз үшін ерекше табысты болды, әр гектардан - 26,4 центнер күнбағыс, 19,4 центнер картоп өнімдерін алды. Сүт өндіру жоспардағы 1700 орнына 1925 литрге өсті. Мемлекет қамбасына 139 мың центнер бидай құйылды, ол - жоспардың 295 пайызы. Кіріс 1993 мың соманы құрады.Еңбекшілердің әл –ауқаты артып, колхоз орталығы жаңаша келбетке енді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 8 сәуірдегі «Қазақ ССР ауыл шаруашылығы озаттарына Социалистік Еңбек Ері атағын беру туралы» Жарлығымен ауылшаруашылығы өндірісін өркендетудегі жетістіктері және мемлекетке ауылшаруашылығы өнімдерін өткізуде бесжылдық жоспарын асыра орындағаны үшін Б. Кітапбаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.   
Б. Кітапбаев  екі мәрте Ленин орденімен, Октябрь революциясы, І дәрежелі Отан соғысы, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Бос уақытында  шахмат ойнап, бәйге аттарын баптаған. Таным көкжиегі кең, қазақ, орыс әдебиетін, шежіре мен  тарихты  жақсы білген. Қазақстан Алтайы туралы «Тоғыз таңбалы Найман», «Шежіре», «Айта-айта Алтайды, Бошай ата қартайды»  атты  кітаптардың авторы.
Шығыс Қазақстан облысының,  Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы. КПСС XXV съезінің делегаты.
2015 жылы 7 қыркүйекте Өскемен қаласында қайтыс болып, Өскеменде жерленді.
2019  жылы Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Бошай Кітапбаевты еске алу үшін  Шығыс Қазақстан облысы бойынша шахматтан турнир өткізілді.

 

Б. Кітапбаевтың шығармалары

Произведения Китапбаева Б.

Кітаптар - Книги

Кітапбаев, Б. Шежіре [Мәтін] : тоғыз таңбалы найман / Б. Кітапбаев. - [Б. м.] : [б. ж.], 1992. - 598 б.

Кітапбаев, Б. Шежіре [Мәтін] / Кітапбаев Б. - Алматы : Қайнар, 1994.

Кітапбаев, Б. Шежіре [Мәтін] / Б. Кітапбаев. - Алматы : Қайнар, 1994 - .

2-ші бөлім : Тоғыз таңбалы Найман. - 275 б.

Кітапбаев, Б. Тоғыз таңбалы Найман [Мәтін] : шежіре / Б. Кітапбаев.

Т.1 : Ергенекті: Саржомарт, Бура, Жеті Көкжарлы. - 3-ші бас., толықт. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 445 б.

Кітапбаев, Б. Айта-айта Алтайды, Бошай ата да қартайды [Мәтін] / Б. Кітапбаев. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2012. - 500 б.

Кітапбаев, Б. Жылы пікіріміз ешқашан өзгермейді / Б. Кітапбаев // Бердібектің берекелі белестері [Мәтін]. - Алматы : Қаламгер, 2013. - 328 б. - Авторлар туралы мәлімет : 301 б.

Б. Кітапбаевтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Б. Китапбаева в периодических изданиях и сборниках

Кітапбаев, Б. Жылқы - табысты түлек [Мәтін] / Б. Кітапбаев, Р.Суханов // Коммунизм туы. - 1982. - 12 февраля.

Кітапбаев, Б. Сағындым еспе Шорғаны... [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Ленин туы. - 1989. - 4 май.

Кітапбаев, Б. Мақажан ақын және басқалар [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Арай. - 1990. - 1 қыркүйек. - Б. 4.

Кітапбаев, Б. Таңырық ақынның елге айтқаны [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Арай. - 1991. - 16 наурыз. - Б. 3-4.

Кітапбаев, Б. Мұса би [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 1993. - 19 қазан.

Кітапбаев, Б. Аға сұлтан Қисық туралы [Мәтін] : [өлкеміздің шежірелі тарихынан] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 1995. - 23 желтоқсан.

Кітапбаев, Б. Кісінің кісісі еді Құмаш деген... [Мәтін] : [халық мұғалімі Қ.Нұрғалиевтің 70 жылдық мерейтойынан кейінгі ой] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 1995. - 4 қараша.

Кітапбаев, Б. Қайран Құмаш, қайсар Құмаш [Мәтін] : [халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев туралы толғаныс] / Б. Кітапбаев // Егемен Қазақстан. - 1995. - 27 қазан.

Кітапбаев, Б. Оралханның орны бөлек еді ғой [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 2003. - 18 наурыз. - Б. 3.

Кітапбаев, Б. Алты Алаштың ардағы [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 2005. - 23 сәуір.

Кітапбаев, Б. Ахаңның Ақтеңізден алты алашқа айтқан сәлемі [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 2006. - 9 қыркүйек. - Б. 6.

Кітапбаев, Б. Алтайдағы алтын ұя [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Егемен Қазақстан. - 2007. - 14 қыркүйек. - Б. 7.

Кітапбаев, Б. Алтайдағы алтын ұя [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 2007. - 6 қыркүйек. - Б. 3.

Кітапбаев, Б. Тағылған жеке-дара жұлдыз еді, Алтайдың алтын шекпен жағасына... [Мәтін] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 2009. - 22 маусым.- Б. 5.

Кітапбаев, Б. Өтпейтін өмір, сынбайтын темір жоқ [Мәтін] : [халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев туралы естелік] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 2011. - 14 шілде. - Б.7.

Кітапбаев, Б. Парталас, майдандас достар едік [Мәтін] : [халық мұғалімі, соғыс ардагері Қ. Нұрғалиев туралы] / Б. Кітапбаев // Ертіс өңірі. - 2011. - 18 мамыр. - Б.10.

Кітапбаев, Б. Кісілігін кір шалмаған [Мәтін] : [белгілі қоғам қайраткері М. Ә. Сужиковтың кісілік келбеті туралы] / Б. Кітапбаев // Ертіс өңірі. - 2011. - 5 қаңтар. - Б.13-14.

Кітапбаев, Б. Бәйге аттарымды Рахман қайнарына түсіретінмін [Мәтін] : [еңбек ардагері Бошай Кітапбаев туралы / Б. Кітапбаев; сұхбат. Д. Анаш // Дидар. - 2013. - 13 тамыз.- Б. 5.

Кітапбаев, Б. Алтайдың Ақтан ақыны [Мәтін] : естелік / Б. Кітапбаев // Нұрбаев А. Шығармалары : айтыстар, поэмалар, проза. арнаулар, естеліктер. - Алматы : Орхон баспа үйі, 2019. - Т. 2. - Б. 232-237.

 

Б. Кітапбаев туралы мақалалар

Статьи о Б. Китапбаеве

 

Әбуғалиев, М. Партия солдаты [Мәтін] / М. Әбуғалиев // Коммунизм туы . - 1971. - 14 апрель.

Әбуғалиев, М. Өмірі оның өнеге [Мәтін] / М. Әбуғалиев // Қазақстан ауыл шаруашылығы. - 1971. - №10.- Б. 52-54.

Салықов, К. Бошай Кітапбаев ағайға жауап хат [Мәтін] / К. Салықов // Дидар. - 1992. - 30 сәуір. - Б. 4.

Әбдірахманұлы, Е. Алтай азаматы [Мәтін] : [Еңбек Ері Б. Кітапбаев 75 жаста] / Е. Әбдірахманұлы // Дидар. - 1998. - 18 қыркүйек.

Қаңтарбаев, Ә. Алтайдағы аңыз-аға! [Мәтін] / Ә. Қаңтарбаев // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 26 қыркүйек. - Б. 14.

Қаңтарбаев, Ә. Аман жүріңіз, Алтайдағы аңыз-аға! [Мәтін] / Ә.Қаңтарбаев // Дидар. - 2003. - 30 тамыз. - Б. 6.

Алтайдың қайсар ұланы [Мәтін] : [ҰОС-ның жауынгерлері жайлы] // Арай. - 2012. - 14 наурыз. - Б.2.

Бельгер, Г. Мен мақтан ететін Бошай аға [Мәтін] : [Социалистік Еңбек Ері, әйгілі атбегі, шежіреші Б. Кітапбаевтың жаңа кітабы туралы] / Г. Бельгер // Дидар. - 2012. - 10 қараша. - Б. 5.

Кенжеханұлы, М. Бошай ата Алтайын аялаумен келеді [Мәтін] : [А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада қазыналы қарттың жаңа кітабының тұсаукесері өтті] / М. Кенжеханұлы // Дидар. - 2012. - 15 қыркүйек.- Б.1-2.

Мүсірепов, Ғ. Бошайдың үш қарасы [Мәтін] / Ғ. Мүсірепов // Мүсірепов, Ғ. Таңдамалы шығармалары. - Алматы : Қазақпарат, 2012. - Б. 522-526.

Арман, А. Бошай ата - 90 жаста [Мәтін] / А. Арман // Алдаспан. - 2013. - 15 тамыз. - Б.15.

Елубай , О. Аймақтың ақсақалы [Мәтін] : [Б. Кітапбаев жайлы] / О.Елубай // Егемен Қазақстан. - 2013. - 16 тамыз. - Б.10.

Қабылов, М. Өр Алтайдың бұлбұлы [Мәтін] : [қазақтың ұлтжанды азаматы, Социалистік Еңбек Ері, ғалым Бошай Кітапбаевтың 90 жылдық мерейтойына арнау ] / М. Қабылов // Дидар. - 2013. - 16 қаңтар. - Б.5.

Мұсабаев, Х. 100-ге жет айналайын, Бошай көкем! [Мәтін] : [Социалистік Еңбек Ері Бошай Кітапбаевқа арнау] / Х. Мұсабаев // Дидар. - 2013. - 20 шілде. - Б. 2.

Салықбаев, Б. Батылдығы басым Бошекең [Мәтін] : [Б. Кітапбаев жайлы] / Б. Салықбаев // Өскемен. - 2013. - 15 тамыз. - Б. 6.

Тоқтаубай, М. Бошай аға Зайсанды басқарған [Мәтін] / М. Тоқтаубай // Достық. - 2014. - 15 қазан. - Б. 2.

Бошай Кітапбаев өмірден озды [Мәтін] : [қазанама] // Ертіс өңірі. - 2015. -

9 қыркүйек. - Б.19.

Елеукенов. Ш. "Жаны ақын Бошай" [Мәтін] / Ш. Елеукенов // Қазақ әдебиеті. - 2016.- 5 -11 тамыз. - Б. 11.

Кітапбаев, М. Өр Алтайдың жүйріктері [Мәтін] / М. Кітапбаев // Дидар. - 2016. - 2 шілде. - Б.16.

Кітапбаев, М. Өр Алтайдың жүйріктері [Мәтін] : [өр Алтайдың атпал азаматы, белгілі атбегі, шежіреші қарт Б. Кітапбаевтың бәйге жылқылары туралы] / М. Кітапбаев // Ертіс өңірі. - 2016. - 3 тамыз. - Б.10-11.

Төр Алтайдың абызы атанған еді... [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Ері, шежіреші қарт Бошай Кітапбаев туралы] / әзірлеген: Байбура // Дидар. - 2017. - 13 сәуір.- Б.27.; 20 сәуір.- Б.27; 27 сәуір. - Б.27; 4 мамыр.- Б.27; 11 мамыр. - Б. 27 ; Дидар. - 2017; 18 мамыр. - Б.27.

Болатұлы, Т. Бошай Кітапбаевты еске алуға арналады [Мәтін] / Т. Болатұлы // Дидар. - 2019. - 29 қазан. - Б. 29.

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

Китапбаев Бошай [Электронный ресурс] // Википедия - открытая энциклопедия : сайт. - Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Китапбаев,_Бошай_Китапбаевич (09.01.18)

Китапбаев Бошай [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20302(09.01.18)