Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Полянский П. Т.

Полянский Павел Тимофеевич – Серебрянск қаласы «Перворосийский» совхозының директоры, Социалистік Еңбек Ері.Полянский Павел Тимофеевич (1933 ж.) – Серебрянск қаласы «Перворосийский» совхозының директоры, Социалистік Еңбек Ері.

1933 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Ленинск ауылында дүниеге келген. 1958 жылдан бастап КПСС мүшесі.

Еңбек жолын 1949 жылы Чапаев МТС-те (машина-трактор станциясы) трактор-егіс бригадасында есепші болып бастаған. 1953-1956 жж. Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеді. 1958-1963 жж. – партком хатшысының орынбасары, Зырян ауданы «Чапаев» совхозы бөлімшесінде меңгеруші болды. 1963 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін Шығыс Қазақстан облысы Серебрянка ауылы «Первороссийский» совхозында директор.    

«Первороссийский» совхозы ұзақ жылдар бойы бидайдан  жоғары өнім алды. Бұған іскер басшы совхоз директоры П. Т. Полянскийдің қосқан үлесі зор.

1973 жылы осы шаруашылық ерекше өнім жинап, 4336 аумақ жердің әр гектарынан 33,4 центнер өнім алды. Мемлекетке жоспардағы 30500 орнына 76521 центнер нан өнімі өткізілді.  «Первороссийский» совхозы мал өнімдерін өткізуде жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Шаруашылық мемлекетке 30 мың центнер сүт және 10 мың центнер ет өткізді.  

Мұның бәрі барлық ауылшаруашылығы жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру, егін шаруашылығының жоғары өнімділігі, механизаторлар мен малшылар шеберлігі, техниканы тиімді пайдалану, агротехникалық және зоотехникалық талаптардың өз деңгейінде орындалуы арқылы іске асты.

Социалистік жарыста қол жеткізген жетістіктері, қажырлы еңбегі мен мемлекетке астық өнімдерін өткізудегі міндеттемесін артығымен орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1973 жылғы 10 желтоқсан Жарлығымен  совхоз директоры П. Т. Полянскиге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ленин ордені «Орақ пен Балға» алтын медалін коммунист П. Т. Полянскиге КПСС ОК Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Д. А. Қонаев тапсырды.

П. Т. Полянский Шығыс Қазақстан обком партиясының мүшесі, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі депутаты, облыстық және Еңбекшілер депутаттары Серебрянск қалалық Кеңесінің депутаты болды.

Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған, КСРО Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ВДНХ)  үш алтын және екі күміс медалінің иегері.   

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Полянский Павел Тимофеевич: б. 619.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Полянский Павел Тимофеевич [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20307 (11.01.2018)