Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Устименко Е. Е.

Устименко Евгения Егоровна – Глубокое ауданы С. М. Киров атындағы колхоз сауыншысы, Социалистік Еңбек Ері.   Устименко Евгения Егоровна (1933 ж.) Глубокое ауданы С. М. Киров атындағы колхоз сауыншысы, Социалистік Еңбек Ері.   

1933 жылы Тамбов облысы Знаменск ауданы Артемьевка селосында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1949 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ленин орденді  С. М. Киров атындағы колхозда бастады. 1952-1977 жж. – бұзау бағушы, сауыншы болып жұмыс істеді.

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет жыл сайын мың центнерден сүт өткізу туралы бастама көтерді. Сондай-ақ, фермада асыл тұқымды ірі қара мал өсіру, берік мал-азығы қорын әзірлеуде белсенді еңбек етіп, биік нәтижелерге қол жеткізді. 

1971 жылы 8 сәуірде ауылшаруашылығы өндірісін дамыту және мемлекетке егін және мал шаруашылығы өткізуде бес жылдық жоспарын асыра орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Е. Е. Устименкоға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

Жоғары марапаттан кейін сауыншылық жұмысын жалғастырды. 1971 жылы әр сиырдан 4174, 1972 жылы – 433, 1975 жылы 4655  килограмм сүт сауды. 1974 жылы озат сауыншы өзіне бекітілген 33 сиырдың әрқайсысынан 4390 килограмнан сүт сауып, жалпы өнім 1176 центнер құрады.1975 жылы ол 1471-ге жетті. Ол тоғызыншы бесжылдық жылдары (1971-1975) бесжылдық жоспарын үш жылда асыра орындап, 1600 центнерден аса сүт сауды.

1972 жылы КПСС қатарына өтті.

1977 жылы колхоздың сүтті-тауарлы фермасын басқарды. Жастарға тәлімгер болып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Шамамен оннан аса сауыншыны шеберлікке тәрбиелеп, үшмыңыншылар қатарына қосты.

Ленин ордені (1971), медальдармен марапатталды. Қазақ ССР ауыл шаруашылығы саласына Еңбегі сіңген қызметкер (1973) атағының иегері.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Устименко Евгения Егоровна: б. 772.

Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985. 

Устименко Евгения Егоровна [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20315 (12.01.2018)