Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Асанов Д.

Асанов Досым – қойшы, шопан, Социалистік Еңбек Ері.Асанов Досым (1892-1992) – қойшы, шопан, Социалистік Еңбек Ері.

1892 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы (қазір Күршім ауданы) Шеңгелді ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

10 -18 жас аралығында әртүрлі жұмыстар атқарды. Ширек ғасыр Алқабек кен орнына (Шығыс Қазақстан) ағаш дайындау және кен орны басқарамасында жұмыс істеді.

1935-1958 жж. Куйбышев колхозында шопан болды, 1957 жылы бұл колхоз Марқакөл қой шаруашылығы болып қайта құрылды.

Д. Асанов қой күтіміне ерекше қарап, жыл сайын төл алуда биік көрсеткішке қол жеткізді.  

1945 ж. қой санын өсіруде жоспардағы міндетін асыра орындады. 1947 ж. 517 қойдан 648 қозы өсірді, әр жүз қойға 125 қозыдан. Ол жергілікті қазақы қойдың өсімі аз деген қалыптасқан түсінікті жоққа шығарды.  

Досым Асановқа қой шаруашылығын дамытуда қол жеткізген биік жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 ж. 23 шілде Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Атақты шопан кейінгі жылдары әр қойдан 115-130 қозы алып, жан аямай еңбек етті.

Д. Асанов қылшық жүнді қой өсірумен бірге, биязы жүнді қой шаруашылығын дамытты. Озат шопан әр қойдан 3,5 кг. дейін жүн қырықты. Мал шаруашылығын өркендетуде қол жеткізген жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Д. Асанов көші-қон жағдайында, елді-мекеннен шалғайда жүріп те қоғамдық жұмыстар атқарды. Бірнеше рет аудандық және ауылдық Кеңес депутаты болып сайланды.

Қызыл Жұлдыз (1945), Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды (1958).

1992 жылы қайтыс болды.

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Асанов Досым: б. 186.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Жүмүкенова, Л. Ауылым менің -Шеңгелді [Мәтін] / Л. Жүмүкенова // Рауан. - 2008. - 16 тамыз.

Асанов Досан [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2017)