Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Ахметов Т.

Ахметов Тұрыспек (1914-1991) – ағаш кесуші, коммунистік еңбек екпіндісі, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1914 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

16 жастан бастап Ленин атындағы ауыл шаруашылық артелінде жұмыс істеді. Соғыс жылдары (1943-1945) Кеңес Армиясының еңбек бөлімдерінде әскери қызмет етті. 1945 ж. сырқатына байланысты әскерден қайтты.

1952 ж. Зырян ауданы орман шаруашылығының Хамир орман өндірісінде ағаш кесуші болды. 1961 ж. шағын бригадаға басшылық етті.

Т. Ахметов К-5 және «Дружба» электр араны жетік меңгерді. Бір ауысымда жоспардағы 43 орнына 55-70 кубометр әзірледі. Ағаш дайындау жұмысында технологиялық процестер мен технологияны пайдаланып, жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді.      

Т. Ахметов шағын бригадаға жетекшілік жасап, жеті жылдықта ағаш дайындау көрсеткішін үнемі кеңейтті. 1959 ж. - 8328 кубметр, 1961 ж. - 9384, 1963 ж. - 9728, ал, 1965 ж. -11 044 кубметр өнім берді, ол жоспардың 121 пайызын құрайды. Бұл орман шаруашылығының орта көрсеткішінен 21 пайыз, «Қазақорман» комбинаты көрсеткішінен 16,5 жоғары.

Атақты ағаш кесуші еңбектегі жоғарғы көрсеткіштері үшін Құрмет кітабына енгізіліп, Құрмет тақтасынан орын алды, бағалы сый-тартуларға ие болды. Тұрыспек Ахметов Зырян ағаш өнеркәсібі шаруашылығында алғашқы Коммунистік еңбек екпіндісі атағын алған адамның бірі.  

Ағаш өнеркәсібін дамытуда жеті жылдық жоспарын асыра орындап, жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 ж. 17 қыркүйек Жарлығымен Т.Ахметовке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, медальдармен марапатталды.  

1991 жылы 4 желтоқсанда Зырян қаласында қайтыс болды.

 

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Ахметов Тұрысбек: б. 195.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Кудайбергенев, К. Герой труда - Турусбек Ахметов [Текст] : [о Герое Соц. Труда из Уланского района] / К. Кудайбергенев // Рудный Алтай. - 1996. - 16 мая.

Ахметов Туруспек [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42(09.01.2018)

Ахметов Туруспек [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Ахметов,_Туруспек   (09.01.2018)