Известные имена

Әбжанов Б.

IMG20190328120043Әбжанов Бекенбай (1907- 1964) - шопан, Социалистік Еңбек Ері.

1907 жылы Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келген. 1930 жылдары Арқаттан Аягөз ауданына қоныс аударған. Аягөз ауданындағы «Қаракөл» колхозын ұйымдастырушының бірі. 1929-1964 жылдары осы колхозда шопан, аға шопан болып, мал шаруашылығын ұйымдастыруда елеулі табыстарға жетті.

29 наурыз 1958 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілген.

1964 ж. қайтыс болды.

1965 жылдан бері «Қаракөл» кеңшары Б.Әбжанов есімімен аталады.

Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордені, бірнеше медальдармен марапатталған. Қаракөл ауданында Әбжановқа арналған ескерткіш орнатылып, Еңбек Даңқы аллеясы ашылған.

 

              Деректер

              Источники

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Әбжанов Бекенбай: б. 206.