Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Подрезов В.Ф.

Подрезов Виктор ФедоровичПодрезов Виктор Федорович (1947.ж.)

Подрезов Виктор Федорович 1947 жылы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Отрадное ауылында дүниеге келген. Әкесі 1938-1953 жж. аралығында Отрадное, Таврия, Пролетарка, Тарханка ауылдарында колхоз төрағасы болған.

Виктор Федорович екінші сыныптан-ақ оқуға құмар еді. Және бүгінгі күнге дейін А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың белсенді оқырманы болып келеді. Жастайынан кезінде қыспаққа алынған культуризммен айналысып, күрес, штангы көтерумен шұғылданған.

Виктор Федорович әскер қатарына алынған шақтан өлең жазуды бастаған. Кейін кітапқұмарлар клубында: Головков, Шустер, Агарков, Шишкин, Демакова, Ануферов тәрізді ерекше жандармен танысты.

Әскерден кейін Қорғасын-мырыш комбинатының балқыту цехында қызмет етті. 20 жыл балқыту цехында еңбек еткен соң, спортпен шұғылдануға тура келді. Мәселен: баяу жүгіру, хатхи-йога, атлетизм. 20 шм жүгірмей, жаны жай таппайтын.

Подрезов 40 жасында пауэрлифтингіден облыстық чемпион атанды. 44 жасында қатарлас атлеттер арасында алғаш болып спорт шебері кандидатының нормативін орындаған. 1990 жылы Өскемен қаласының абсолютті чемпионының ең алған кубогын жеңіп алған, пауэрлифтингіден өткен Қазақстан чемпионатына ШҚО атынан шыққан. 15 жыл бойы Подрезов алғашында ересек спортшылар арасында, кейін ардагерлер арасында өткен облыстық біріншілікке қатысқан. Виктор Федорович пауэрлифтинкке 20 жылын арнаған. Сонымен бірге, 12 жыл «Восток» клубы атынан гір көтерген, облыстық және қалалық турнирлердің, екі мәрте Қазақстанның жеңімпазы атанған.

Виктор Федорович – атлетикалық гимнастика, гір көтеру, үштік күрес, армрестлинг, бенч-пресс тәрізді жаңа спорт түрлері пионерлерінің бірі.
Спорттың арқасында ол көптеген ерекше жандармен кездесті. Подрезов әлемдік пауэрлифтинк жұлдызы – Алексей Сивоконмен бірнеше мәрте кездескен. Алғаш армрестлингтен өткен Қазақстан чемпионатына, қол күрестің әдіс-тәсіліне үйреткен, КСРО-дан шыққан армрестлингтен бірінші әлем чемпионы, алматылық – Вячеслав Чиванин. Подрезов бірінші дәрежелі спорт әділқазысы ретінде, гір патшасы Сергей Мишин қатысқан, гір көтеруден өткен ІІ әлем чемпионатында әділқазылар алқасының құрамында болған.

Рекордтары: Виктор Федорович Шығыс Қазақстанда 50-ден асқан атлеттер ішінде алғаш болып үштік күрес сомасында 500 кг жинап, кейін оны 545 кг-ға жеткізген. Атлетизмді насихаттай отырып, 60 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мост Самсона» цирктік нөмірін көрсетті. 60 жасқа толған соң, спорттың жаңа түрі – бенч-пресске бет бұрды. Подрезов бұл спорт түрінің қалалық және ардагерлер спартакиадасына арнайы енуі үшін талай тер төккен. Бенч-пресс бойынша көптеген бейресми турнирлер өткізіп, өзі насихаттаушы, ұйымдастырушы, төреші, қатысушы әрі хабарлаушы болған.

Виктор Федорович көп оқып, ізденеді, әрқашан өз көзқарасымен, білімімен, көрнекті спортшылармен кездесу барысында алған әсерімен бөлісуге әзір.
Көптеген жылдар бойы ол Шығыс Қазақстандағы атлетиканың даму тарихы жөнінде материал жинаумен болды. Бүгінгі күні: «Герои фронта – герои спорта», «Атлеты Восточного Казахстана» кітаптарының авторы. 2011 жылы «Восток – поэзия силы» еңбегі жарық көрді. Ол өлкеміздің: Қажымұқан, В.Г.Ярков, А.А.Мелентьев т.б. әйгілі спортшылары жайлы жазған.

Виктор Федорович «Менің қалам маған қымбат» (2005ж.), «Жеңістің 65 жылдығы» (2011ж.) атты қалалық поэтикалық сайыстарда да шетте қалмады.
В.Ф.Подрезовтың ықпалымен ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2011 жылғы спорттық-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру шараларының күнтізбелік жоспарына В.Г.Ярковтың 100 жылдығына орай ауыр атлетика мен грек-римдік күрес бойынша облыстық турнирлер енгізілген.