Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Дорофеева Е.Н.

Дорофеева (Иванова) Екатерина НиколаевнаДорофеева (Иванова) Екатерина Николаевна – альпинист, (1962-1994)

Екатерина Дорофеева 1962 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Платово (қазіргі Сарытау) ауылында дүниеге келген. 1972 жылы отбасымен Күршім ауылына қоныс аударған. 1979 жылы Күршімдегі Ю. Гагарин атындағы №1 орта мектепті бітіреді.Сол жылы Иркутскідегі политехникалық институттың геология-барлау факультетіне оқуға келеді. Таулы аймақта өскен қыз өз бағын құзға шығудан сынамақ болып, альпинизм, тау туризмі, шаңғы спортымен шұғылдана бастайды. Аз уақыт ішінде көптеген жарыстарға қатысып,көшбасшы атана бастайды.
1983 жылы құзға шығудан спорт шебері кандидаты атағын алып, шаңғы жарысынан І спорттық дәрежеге жетеді. Сегіз жылдан кейін КСРО-дағы барлық жетімыңдықтаулардың шыңдарын бағындырады.
«Әлем шыңына шығу -1990» Эверест (Джомолунгма) шыңын бағындыруға арналған бірлескен қытай-кеңес- америка экседициясына қыздар арасынан таңдау Е. Дорефееваға түседі. 1990 жылдың көктемінде экспедиция Эверест шыңына шығуға аттанады. Тауға шығу 91 күнге созылған. 1990 жылы 10 мамыр күні қаһарман қыз Эверест шыңына шың басына шығады.
«Дүниенің төбесі» - Эверест (8848 м) шыңына шыққан Екатерина Дорофеева Кеңес Одағындағы тұңғыш, дүниежүзіндегі он бірінші әйел болған. Эверест шыңын бағындыруда көрсеткен жоғары спорттық шеберлігі, ерлігі мен қаһармандығы үшін Е.Н. Дорофеева «Жеке ерлігі үшін» орденімен марапатталып, «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Дорофееваның басты мақсаты- әлемнің барлық сегізмыңдық шыңдарын бағындыру еді. «Жердің патшасы» - әлемнің 14 сегізмыңдық шыңдарын бағындыру альпинизмде үлкен жетістік болып саналады. Е. Дорофеева Камченджанга шыңына дейін үш сегізмыңдық шыңды бағындырған екен. Олар – Шиша-Пангму (8027м), Манаслу (8156 м), Эверест (8848м).
1994 жылы Белорус экспедициясының жетекшілігіменС.Новикова мен Е.Дорофеева өздерінің төртінші сегізмыңдық тау нүктесі Камченджангаға аттанады. 1994 жылдың 10 қазаны күні қар көшкіні кезінде қаза табады.
2012 жылы Иркутск қаласында алғаш құрылған кеңестік экспедицияның 30 жылдығы мен Е.Н. Дорофееваның туғанына 50 жыл толуына орай Университетский микрорайонында Екатерина тұрған үйге мемориал тақта орнатылды: «В этих стенах получила профессию геолог, выдающиеся альпинист- «Снежный барс», покоритель всех семитысячников, в том числе высочайшей вершины планеты –Эвереста, студентка группы РМ-79-1, кавалер ордена «За личное мужество», заслуженный мастер спорта Екатерина Иванова (Дорофеева). Погибла при восхождении на вершину Канченджанга (Гималаи) в октябре 1994ж)» - деп жазылған.
Е. Дорофеева альпинистерге ғана берілетін «Снежный барс » даңқының иегері.

Дорофеева Е. ол туралы:

Жантыкеев, Р. Вершины Дорофеевой [Текст] / Жантыкеев Р. // Рудный Алтай. - 2005. - 15 сент. - С. 4.
Тауанова, Б. Шың басында ұлықталған есім [Мәтін] : [Эверест шыңына шыққан жерлесіміз Е. Дорофеева туралы. ] / Б. Тауанова // Менің өлкем. - 2014. - 19 маусым. - б. 8.

Интернет ресурстар:

Русское географическое общество клуб альпинистов «Санкт-Петербург» - http://www.alpklubspb.ru/persona/ivanovadorofeeva.htm  
Все о приангарье - http://irkipedia.ru/content/ivanova_dorofeeva_ekaterina_nikolaevna
Мемориальные доски и памятники, памятные знаки, скульптуры и образцы техники Иркутска - http://irkutskmemorial.ru/memorialnaja-doska-snezhnyi-bars-pokoritel-vseh-semitysjachnikov-ekaterina-ivanova-dorofeeva