Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Нұғымаров А.Қ.

Нұғымаров АйбекНұғымаров Айбек, балуан (1982)

Нұғымаров Айбек Құралбекұлы 15 мамыр 1982 жылы туған. 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығын бітірген. 2003 жылдан бері “ Абай ауданы бойынша ШҚО балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” мемлекеттік мекемесінің дзю-до бөлімінде жаттықтырушылық қызмет атқарады. Үйленген, бір ұл, бір қызы бар. Күллі Алаш баласы ғана емес жарты дүниенің назарын өзіне аударған «Қазақстан барысы» турнирі өз мәресіне жетті. Осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған алыптар айқасында шығысқазақстандық балуан Айбек Нұғымаров жеңімпаз атанды.

Айбек, Елбасы жүлдесі үшін үшінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы-2013» турнирінің жеңімпазы. Қазақтың «бас барысы» атанды. Өздеріңізде білесіздер, бұл байрақты бәсекеде үш жыл қатарынан бағын сынап, бірінші жылы жүлдегерлер санатында қосыла алмадым. Ал былтыр қолаға қол жеткізді, биыл бас жүлде бұйырды. «Қазақстан Барысы» додасы - қазақ күресінің бағын ашқан жоба. Еліміздегі балуандар үшін ең маңызды бәсеке қазақ күресінен өтетін әлем чемпионаты еді. Қазір «Қазақстан барысы» жобасының дәрежесі олимпиадалық ойындардан еш кем емес. Осыған қарап, төл күресіміздің төрімізге озғанын байқаймыз, Бүгінде қазақ күресіне әлем халықтары да қызығушылықтарын танытуда. Иә, «Қазақ барысының» арқасында елдің ұлына, сүйікті балуанға айналды.

Нұғымаров Айбек туралы:

Әбілхан , Серік. "Қазақстан барысында" қос балуанымыз жүлдегер атанды [Мәтін] / С. Әбілхан // Дидар. - 2012. - 25 қыркүйек.- Б.1. Мәкенова, Бұлбұл. Қос балуанға құрмет [Мәтін] / Б. Мәкенова // Егемен Қазақстан. - 2012. - 10 қазан.- Б.12. Нұғымаров, Айбек. Нұғымар атам да жас кезінде күреспен шұғылданған екен [Мәтін] : ["Қазақстан барысы" республикалық турнирінің қола жүлдегері А. Нұғымаровпен сұхбат.] / А. Нұғымаров ; сұхбат. Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2013. - 21 маусым.- б.8. Нұғымаров, Айбек. Жерлестерімнің тілеуі қайратымды асырды [Мәтін] : ["Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы А.Нұғымаровпен сұхбат.] / А. Нұғымаров ; сұхбат. Д. Анаш // Дидар. - 2013. - 2 шілде.- б.1. Қожамкей, Жанаргүл. "Қазақстан барысы" жеңісін Астананың мерейтойына арнады [Мәтін] / Ж. Қожамкей // Өскемен. - 2013. - 4 шілде.- Б.3. Елубай , Оңдасын. "Қазақстан барысы" - Өскеменде [Мәтін] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 5 шілде.- Б.9.