Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Петров В. И.

petrov v iПетров Василий Игнатьевич (1925-2006 жж.) - ғалым-тарихшы.

Петров Василий Игнатьевич Қытай Халық Республикасының Синьцзян провинциясында Шәуешек қаласында 14 қаңтар 1925 жылы туған. Оның отбасы өте нашар тұрды, сондықтан он жасынан бастап жұмыс істеді. 1940 жылға дейін Василий Петров Шәуешек қаласында орыс мектебінде оқыды, 1940 жылы өз достарымен Үрімші қаласына көшіп, сонда гимназияға қабылданды, гимназияны 1944 жылы бітірді.

Гимназияны бітірген соң 1945 жылдың маусым айына дейін орыс клубының меңгерушісі болды. Осы уақытта Синьцзян халқының өз тәуелсіздігі үшін гоминьдан билігіне қарсы күресі басталды. 1945 жылдың май айынан 1946 жылдың маусым айына дейін партизан отрядының құрамында Манас өзені үшін күреске қатысты. Осы шайқаста қатты жараланды.

1945 жылдың қазан айының соңында партизан отряды таратылды. В. И. Петров 2-ші Құлжа атқыштар полкінің, ату бөлімінің штаб бастығы болып тағайындалды. 1946 жылдың маусым айына дейін осы қызметте жұмыс атқарып, 1946 жылдың аяғында Қазақстанға келді.

1955 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін қызыл дипломмен бітіріп, тарихшы-мамандығын алды. Өскемен білім басқармасына қызметке жіберіліп, 1956 жылдың қазан айына дейін В. И. Ленин атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болды. 1956 жылдың 1 қазанынан бастап Өскемен педагогикалық институтының марксизм-ленинизм кафедрасында СССР тарихынан дәріс берді. Қызмет істеген жылдары өзін шебер оқытушы ретінде көрсетіп, көптеген тарих пәнінің мамандарын даярлап шықты. 1956-1960 жылдары марксизм-ленинизм кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. Доцент, тарих ғылымдарының кандидаты В. И. Петров 1960 жылы тарих-филология факультетінің деканы болып сайланды.

Осы қызметте 21 жыл, 1982 жылдың ақпан айына дейін қызмет атқарды. 1974 жылы Петров В. И. «Отличник Высшей школы», «Отличник народного просвещения Казахской ССР» деген құрмет белгілерімен марапатталды. Туғанына 50 жыл толуына орай, тарих пәнінің мұғалімдерін дайындағаны үшін 1975 жылы Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Мақтау қағазымен марапатталды. 1995 жылы В.И.Петровқа Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді.

В. И. Петровтың ғылыми еңбектері

Научные труды В. И. Петрова

Кітаптар – Книги

Петров, В. И.  Мятежное "сердце" Азии [Текст] : Синьцзян : краткая история народных движений и воспоминания / В. И. Петров. - М. : Крафт, 2003. - 526 с.

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

Петров, В. И. Қалибекке қарай жол тарту[Мәін] / В. И. Петров; құрастырған Ә. Iлиясұлы // Қалибек Хакiм туралы естелiктер. - Алматы, 2009. - Б. 29-40.

Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности

Обухов, В. Неизвестный солдат неизвестной войны [Текст] / В. Обухов // 7 дней. - 2015. - 8 января. - С. 5.

Вольский, В. Приподнимем занавес за краешек [Текст] / В. Вольский // 7 дней. - 2015. - 2 июля. - С. 5.