Известные имена

Есімдер

Снять квартиру посуточно. Быстро снять посуточно квартиру в казани. Снять однокомнатную квартиру посуточно. Помощь в получении ипотеки. Удобное получение ипотеки в сбербанке. Что нужно для получения ипотеки. Отопление частного дома. Как сделать отопление частный дом схема. Частный дом монтаж отопления. Восстановление жесткого диска. Быстрое восстановление информации с жесткого диска. Восстановление данных жесткого диска программа. Кредит с плохой историей. Быстрые кредиты онлайн с плохой историей. Срочный кредит с плохой историей. В какой сервер играть в WOW. Топ world of warcraft серверы. Wow серверы pandaria. Круглопалочный станок чертежи. Круглопалочный станок купить дешево. Самодельный круглопалочный станок. Кредит на покупку квартиры. На долго взять кредит на квартиру. Кредит на покупку квартиры.

Бияров Т. Н.

biarovБияров Төлеухан Нұралдаұлы (1949-2008 жж.) – қолданбалы математика мен кибернетика саласы бойынша қазақ ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор.  

1949 ж. 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, қазіргі Еңбек ауылында дүниеге келген. 1967 жылы С. М. Киров атын. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атын. ҚазҰУ) механика-математика факультетіне оқуға түскен. Екінші курстан бастап ЖОО оқытушыларын даярлайтын арнайы топта «Математикалық логика» мамандығы бойынша Аслан Таймановтың жетекшілігінде білім алған. 1972 ж. университеттің «Қолданбалы математика» мамандығын тәмамдаған соң, еңбек жолын С. М. Киров атындағы ҚазМУ жанындағы Қазақстан ЖМ АЖА (АИС ВШ Казахстана) ғылыми-зерттеу лабораториясында инженер-бағдарламашы ретінде жалғастырған.            

1973-1976 жж. «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша аспирантурада оқыған. 1976-1989 жж. БАЖ (АСУ) математикалық қамтамасыз ету кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қызмет атқарған.

1989-2002 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЭЕМ және кибернетика, Кибернетика, Математикалық кибернетика, ЭЕМ математикалық қамтамасыз ету және математикалық кибернетика, Математикалық кибернетика және ақпараттық жүйе кафедраларын басқарған.

2002-2008 жж. Қазақстан-Британ техникалық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқарды. 1989 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да алғаш рет «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша «Математикалық кибернетика» бөлімін ашқан.

1996 ж. «Ақпараттық жүйелер» (бизнесте) және 1998 ж. «Информатика» мамандығы бөлімдерін ашқан (Мемлекеттік стандарт авторы). ҚР БҒМ ОӘБ (УМО) осы мамандықтар бойынша әдістемелік комиссия төрағасы міндетін қатар атқарған.

Т. Н. Бияров 243 ғылыми-әдістемелік еңбектің, 17 оқу-әдістемелік құралдың, 8 монографияның авторы. Профессор Т. Н. Бияров Қазақстан кибернетика мектебінің негізін қалаған. 19 ғылым кандидатын, оның ішінде үшеуі «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша, 1 физика-математика ғылымының докторын дайындаған.  

Оның шәкірттерінің қатарында Ж. Күлекеев, Б. Жұмағұлов, М.Н. Қалимолдаев, Ж.Д. Ертілесов, А. Д. Сапарбаев т.б. болды.    
Мемлекеттік ғылыми шәкіртақыға Т. Н. Бияров есімінде мемлекеттік ғылыми шәкіртақы тағайындалған. Т.Бияровтың өлеңдері «Ағажай, Алтайдай жер қайда» және «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты бір топ катонқарағайлық ақындар жинағына енген.    

Марапаттары: Көрнекті ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегері, «Тың жерлерді игеруге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған (1970 ж.). Ғалымға Ұлттық инженерлік академиясының академигі атағы берілген.

 

 

 

Т. Н. Бияровтың ғылыми еңбектері

Научные труды Биярова Т. Н.

 

Кітаптар - Книги

 

Бияров, Т. Н. Қозғалыстың орнықтылық теориясы [Мәтін] : жоғары оқу орындарының студенттеріне көмекші құрал / Т. Н. Бияров. - Алматы : Қазақ университеті, 1991. - 50 б.

Бияров, Т. Н. Өлеңдер. Мақалалар. Естеліктер [Мәтін] / Т. Н. Бияров. - Алматы : Орхон, 2009. - 256 б.

***

Бияров, Т. Н. Основы динамики и вопросы устойчивости механизмов высоких классов и машин со многими степенями свободы[Текст]: диссертация на соискание ученой степени доктора технических наук / Т. Н. Бияров; Каз.ГНУ им. Аль-Фараби; науч. конс. У. А. Джолдасбеков.- Алматы, 1993.- 380 с.

Бияров, Т.Н.Макромоделирование национальной экономики на конечном горизонте планирования[Текст]: монография / Т. Н. Бияров. - Алматы: Экономика, 1999. - 124с.

 

Авторларымен бірігіп шығарған басылымдары

Издания, вышедшие в соавторстве

 

Бияров, Т. Н.Элементар математика есептерінің жинағы [Мәтін] : оқу құралы / Т. Н. Бияров, М. М. Молдабеков. - Алматы : Кітап, 1992. - 348 б.

Бияров, Т. Н. Экономикалық кибернетика [Мәтін] / Т. Н. Бияров, А. Ө. Биярова ; ҚМҰУ. - Алматы : Қазақ университеті, 2000. - 218 б.

Бияров, Т. Н. Оңтайландыру және басқару [Мәтін] : оқу құралы / Т. Н. Бияров, Ә. С. Әжібекова, А. О. Биярова. - Алматы : ҚБТУ, 2008. - 196 б.

Бияров, Т. Н. Оптимизация и управление [Текст]. Ч. 1 : учебное пособие / Т. Н. Бияров, А. С. Ажибекова. - Алматы, 2007. - 123 с.

Бияров, Т. Н. Оптимизация и управление [Текст]. Ч. 2 : учебное пособие / Т. Н. Бияров, А. С. Ажибекова. - Алматы, 2007. - 136 с.

 

Т. Н. Бияровтың қатысуымен шыққан басылымдар

Издания, вышедшие при участии Т. Н. Биярова

 

Функционалдық анализ [Мәтін] : методикалық оқу құралы : 2-бөлім: Сызықтық операторлар теориясы / құраст. Т. Н.Бияров, А. А. Бедельбаев. - Алматы, 1985. - 68 б.

Методические указания по кредитной системе обучения [Текст] / сост. Т. Н. Бияров, С. Т. Тилемисов. - Алматы, 2004. - 28 с.

Оңтайландыру тәсілдері [Мәтін] : оқу құралы / құраст. Т.Н. Бияров, С.Б. Беркімбаева. - Алматы, 2005. - 72 б.

 

Т. Н. Бияровтыңмерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Т. Н. Биярова в периодических изданиях и сборниках

 

Мақалалары – Статьи

 

Бияров, Т. Н. Экономикалық реформаны баяулатуға болмайды [Мәтін] / Т. Н. Бияров // Егемен Қазақстан. - 2003. - 19 тамыз. - Б. 2.

 

Сұхбаттары - Беседы

 

Бияров, Т. Н. XXI ғасыр - технология ғасыры [Мәтін] : [техника ғылымының докторы, профессормен сұхбат] / Т. Н. Бияров; әңг. Е. Сахариев // Ана тiлi. - 2005. - 10 наурыз. - Б. 5.

 

Өлеңдері - Стихи

 

Бияров, Т. Н. Ауылдың ерке қыздары; Жаңбыр [Мәтін] : өлеңдер / Т. Н. Бияров // Лениншiл жас. - 1970. - 12 июнь.

Бияров, Т. Н. "Гүлдер" ансамблiне [Мәтін] : өлең / Т. Н. Бияров // Лениншiл жас. - 1971. - 25 март.

Бияров, Т. Н. Өлеңдері [Мәтін] / Т. Н. Бияров // Ағажай, Алтайдай жер қайда : өлеңдер жинағы / құраст. Ш. Оразаев. - Алматы : Полиграфия, 1999. - Б. 259-302.

Бияров, Т. Н. Шарықтатып әкетсе өлең жанды; Атамекен; Аруға; Сырласу; Сол бiр үй; Сағыныш; Таң жырлары; Алтай; Еңбек; Жаңбырдан соң; Элегия [Мәтін] / Т. Н. Бияров // Мұқағали. - 2009. - № 8. - Б. 11,13-14.

        

Т. Н. Бияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о научной деятельности Биярова Т. Н.

 

Назырбаев, Қ.Катонқарағай [Мәтін] / Қ. Назырбаев; ред. С. Бақтыгерейұлы ; ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі. - Астана : Фолиант , 2011. - 280 б. - Бияров Төлеухан: б. 221.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - Бияров Тілеухан: б. 138.

Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - Бияров Тілеухан: б. 408.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бияров Тілеухан : б. 273.

Сахариев, Е. Тәуелсіздік : не ұтып, неден ұтылдық? [Мәтін] : саяси және әскери ғылымдарының докторы профессор Әскер Бақаев және техника ғылымының докторы, профессор Төлеухан Бияровтың пікірі / Е. Сахариев // Қазақстан - ZAMAN . - 2005.- 16 желтоқсан. -Б. 1, 3.

Әшімханұлы, Д. Азамат. Академик. Ақын [Мәтін] : Төлеухан Бияров туралы / Д. Әшімханұлы // Түркістан. - 2009. - 7 мамыр. - Б. 11.

Назырбаев, Қ. Ғылымды мұрат еткен досым еді [Мәтін] : [кибернетика және механика саласындағы еліміздің белгілі ғалымы, профессор Төлеухан Нұролдаұлы Бияров 60 жасқа толды] / Қ. Назырбаев // Дидар. - 2009. - 29 сәуір. - Б. 6.

 

Сілтемелер - Ссылки

 

https://ru.wikipedia.org/wiki/Бияров,_Телеухан_Нуралдаулы

http://edu.semgu.kz/ebook/umkd/2b897be1-46e8-11e4-973d-f6d299da70eebook_inf.pdf с. 352.

http://yavix.ru/имя%20Телеухан

http://famous-birthdays.ru/data/01_maya/biyarov_teleuhan_nuraldaulyi.html