Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Балақаев Т.

Балақаев Төлтай (1923- 2017) – ғалым, тарих ғылымының докторы

Балақаев Төлтай 1923 жылы 13 сәуірде бұрынғы Семей облысының Абыралы ауданында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталин­град түбінде ауыр жарақат алған ол 1944 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетіне түсіп, 1949 жылы оны ойдағыдай бітіреді.

1949-1956 жылдары  Қазақстан КП  ОК жанындағы партия тарихы институтында  кіші, аға ғылыми қызметкер, 1956–67 жылдарда  Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археол. және этнол. Институтында  ғалым-хатшы, аға, ғылыми . қызметкер, 1968-85 жылдарда  бөлім меңгерушісі 1985-88 жылдарда институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1988 -1991 жылдары бас ғылыми қызметкері болды.

Т.Балақаев көп томдық «Қазақстан тарихы», соғыс кезіндегі қазақ шаруаларының еңбегін көрсету сияқты іргелі зерттеулерге қатынасып, 15 кітап және жинақтар шығардыТарих ғылымдарының докторы. (1972), профессор (1979). ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (2003).

«Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1941–1945 жж.» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. . Қазақ және орыс тілдерінде шыққан ұжымдық «Қазақ ССР тарихы « оқулығының тарауларын (1963,1964, 1967 жылғы басылымдары), «Қазақстан Ұлы Отан соғысында» (1968, орыс тілінде) еңбегін жазуға қатысты.

Т.Балақаев әскери-патриоттық салада да көптеген зерттеулер жазған ғалым. Зерттеушілікті ғылыми ұстаздық жұмыспен ұштастырған ғалым – 17 ғылым кандидаты мен докторын даярлады. Оның шәкірттері әр салада қызмет етуде. Оның шәкірттерінің бірі әскери ғылымдар докторы, профессор, КСРО Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болған армия генералы В.Н.Лобов бүгінде де халықаралық деңгейде танылған тұлға. Т.Балақаев – «Қазақ энциклопедиясы» сияқты басылымдардың бастауында тұрған ғалым. Ол ұзақ жылдар Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері мемлекеттік университетінің профессоры болды

Т. Балақаев «Әбдірахман Әйтиев» (1958), «Қазақстанның колхозшы шаруалары Ұлы Отан соғысыжылдарында» (1971, орыс тілінде), т.б. ғылыми  еңбектер мен мақалалардың авторы.

Ш. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың . лауреаты (1972), 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

Т. Балақаевтың еңбектері

Труды Т. Балакаева

Балақаев, Т. Ағаш соқадан-алып тракторға [Мәтін] / Т. Балақаев. - Алма-Ата, 1969.

Балақаев, Т. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында [Мәтін] / Т. Балақаев. - Алматы, 1970. - 22 б.

Балақаев, Т. Совет халқының Ұлы жеңiсi [Мәтін] : Лекторға көмекшi материал / Т. Балақаев. - Алматы, 1978.- 24 б.

Балақаев, Т. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде [Мәтін] : (1941-1945) Совет халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 40 жылдығына арналады  / Т. Балақаев, Қ. Алдажұманов. - Алматы : Ғылым, 1985. - 320 б.

Балақаев, Т. Ұстаз туралы сөз [Мәтін] : [тарихшы  ғалым А.Нүсiпбеков туралы  естелiктер мен зерттеулер]. - Алматы: Экономика, 2009. - Б. 10-23.

Балақаев, Т. Академик Кеңес Нұрпейiсов хақында [Мәтін] /  Т. Балақаев; құр. Т. Ә. Нұрпейiсов // Алаштұлғалы.  Кеңес Нұрпейiсұлы туралы естелiктер. - Алматы, 2010. - Б. 116-122.

Т. Балақаевтың қатысуымен жарық көрген кітаптар

Книги, изданные при участии Т. Балакаева

Майдан жолдары [Мәтін] / құр. Т.Балақаев. - Алматы: Қазақстан, 1965. - 220 б.

Елеуов, Т.  Қазақстанда Совет өкіметі қалай орнады [Мәтін] / Т. Елеуов; жалпы ред. Т. Балақаев. - Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1957. - 209 б.

Т. Балақаевтың мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалары

Публикации Т. Балакаева на страницах периодической печати

Балақаев, Т. Жалынды күрескерлер туралы кiтаптар[Мәтін] / Т. Балақаев // Қазақстан коммунисi. - 1958. - N 1. - Б. 78-80.

Балақаев, Т.Халық азаттық жолында [Мәтін] : (Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс) / Т. Балақаев // Қазақстан мектебi. - 1986. - N 7. - Б. 76-80.

Балақаев, Т. Армия және ұлт саясаты [Мәтін] : [Қазақстанның ұлттық армиясын жетілдіру, қалыптастыру туралы] / Балақаев Т. // Қазақ тарихы. - 1994. - наурыз. - N 2. - Б. 41-47

Балақаев, Т. Ол турашыл жан едi [Мәтін] : [Журналист Д.Дәуренбекова туралы естелiк] / Т. Балақаев // Қазақстан әйелдерi. - 1995. - N 9.- Б.20-21.

Балақаев, Т. Ол турашыл жан едi [Мәтін] : [Журналист Д.Дәуренбекова туралы естелiк] / Т. Балақаев // Қазақстан әйелдерi. - 1995.- N 9. - Б.20-21.

Балақаев, Т. Әке мұрасын зерттей білді [Мәтін] : [Тарихшы ғалым Ләйла Мұхтарқызы Әуезованың туғанына 70 жыл] / Балақаев Т. // Ақиқат. - 1999. - №9-10. - Б.72-75.

Балақаев, Т. Халқына қызмет еткен [Мәтін]: [Алаштың аяулы азаматы, белгiлi қоғам және мемлекет қайраткерi Ш. Қабылбаев туралы] / Т. Балақаев // Егемен Қазақстан. - 2008. - 14 наурыз. - Б. 6.

Балақаев, Т. Соғыс және бейбітшілік [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысы] / Т. Балақаев ; әңгімелеск. Ж. Әлиханұлы  // Егемен Қазақстан. - 2009. - 9 мамыр.- Б.3.

Т. Балақаев туралы

О Т. Балакаеве

Кітаптар

Книги

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін]: энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Балақаев Төлтай : б. 244.

Мақалалар 

Статьи

Алдажұманов, Қ.Өнегелі өмір [Мәтін] : профессор Төлтай Балақаев 80 жаста / Қ. Алдажұманов. // Отан тарихы = Отечественная история. - 2003. - № 2-3. – Б. 188-190.

Райхан, Н. Майдан мен тылды сабақтастырған [Мәтін] : [Майдангер ғалым Төлтай Балақаев туралы] / Н. Райхан // Ақиқат.- 2005. - N 5. - Б.30-33.

Әзiрет, Е. Ғұмыры ғибратты ғалым [Мәтін]: [Тарихшы, ғалым Төлтай Балақаев туралы] / Е. Әзiрет // Айқын.- 2013. - 4 сәуiр. - Б.7.

.