Известные имена

Прокопов К. П.

Прокопов Константин Павлович (1940 ж.) – биология ғылымдарының кандидаты, доцент, РАМ мүше-корреспонденті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.Прокопов Константин Павлович (1940 ж.) – биология ғылымдарының кандидаты, доцент, РАМ мүше-корреспонденті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.

6.10.1940 ж.т., Күршім ауд. Рождественка а.

1965 жылы Өскемен мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді; 1965-1968 жж. – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты (Алматы); 1981 жылы 15 қазанда биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (Мәскеу қаласы, Н.К.Крупская атындағы мемлекеттік педагогикалық институт); ғылыми доцент ВАК атағы 25.08.1987 ж., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры атағы - 26.03.2001 ж. берілді.

2001-2003 жж. «Млекопитающие Восточного Казахстана (фауна, экология, охрана)» тақырыбы бойынша докторлық диссертация жұмысын бастады.

К.П.Прокопов Ташкент (САГУ), Ленинград (А.И.Герцен атындағы педагогика институты), Мәскеу (М.В.Ломоносов атындағы МГУ және В.И.Ленин атындағы педагогика институты) қалаларында білім көтеру факультеттерінде оқып, біліктілігін көтерді.  

Көптеген қалалық, облыстық, республикалық, өңірлік, одақтық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, жиындар мен семинарлардың жұмысына қатысты.

Негізгі оқыған курстары: омыртқалылар зоологиясы, эволюциялық ілім (дарвинизм), эволюциялық биология, жалпы биология, жан-жануарлар экологиясы.

Ғылыми тақырыптары Шығыс Қазақстанның өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне зерттеу жүргізумен байланысты.

Прокопов К.П. – 200 ден аса ғылыми, ғылыми-көпшілік және көркем шығармалардың авторы, соның ішінде - «Одуванчики» (2000) кітабы, «Позвоночные Восточного Казахстана» (бірлескен автор, 2000) және «Методические разработки к учебно-полевой практике по ботанике и зоологии с представлением растительного и животного мира Восточного Казахстана» (бірлескен автор, 2003), «Ихтиофауна Восточного Казахстана» (бірлескен автор., 2006) монографиясы, «Ашутас» (2006) кітабы, «Красная книга Любви» (2006) кітабы.

Марапаттары: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары, «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан» төсбелгісі (2007), университет ректоратының алғыс хаттарының иегері.

2013 жылы Өңірлік Менеджмент Академиясының мүше-корреспонденті болып тағайындалды.

Әуесқойлық ісі: саяхат, фотосурет түсіру. (К.П.Прокопов түсірген фотосуреттер кітап-журналдар, оқу құралдары, ғылыми монографиялар, мерзімді басылымдарда жарияланды.

Өмірлік ұстанымы: «Дарование есть поручение». (Е. А. Баратынский).

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы:

Прокопов, К. П. Научные труды [Электронный ресурс] : [биобиблиографический указатель] // Научная библиотека ВКГУ имени Сарсена Аманжолова : сайт. – Режим доступа : https://library.vkgu.kz/sites/library/files/files/Ukazateli/Prokopov.pdf (21.06.2019)