Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Момынова Б. К.

66Момынова Бағдан Қатайқызы(1957) филология ғылымының докторы, профессор.

Бағдан Қатайқызы Момынова Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Топтерек ауылында туылған. Филология ғылымдарының докторы, профессор. 1979 жылы Қаз МҰУ-дың филология факультетін бітірген. 1989-1992 ж. аталған университеттің аспирантурасында оқып, X. Кәрімовтың жетекшілігімен "Қазақ" газетіндегі қоғамдық-саяси лексика" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1999 ж. ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор С. М. Исаевтың кеңесшілігімен «Қазақ газеттерінің лексикасы: жүйесі мен құрылымы» атты докторлық диссертация қорғаған. Көптеген монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Профессор Б. Момынованың ғылыми жетекшілігімен 15 кандидаттық, 1 ғылым докторы, 2 PhD ғылым докторы, 60-қа жуық магистрлік диссертациялық жұмыстар қорғалды.  

Профессор Б. Момынованың ғылыми және қоғамдық жұмыстары:

1979-2014 жж. Әл-Фараби атндағы ҚазҰУ-де аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарды. 2000-2003 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2014жж. Университет ғылыми кеңесінің мүшесі; 2005-2008 жж. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі; 2008-2010 жж. Д 14A.01.23- қазақ және түркі тілдері бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары; 2010-2014 жж. Қазақ филологиясы кафедрасыфның меңгерушісі. 2005-2010 жж. ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комитеттің мүшесі, 2005-2010 жж. «Терминологиялық хабаршы» журналының редакциялық алқа мүшесі, 2012-2014 жж. «ҚазҰУ хабаршысы филология сериясы» журналының редакция мүшесі, 2007-2018жж. Гранада, Стамбул, Москва, Пекин, Великий Новгород, Суздаль, Омск, Бішкек, Қазанда өткен халықаралық ғылыми- теориялық конференцияларға қатысты. 2008-2014 жж. – Е. Букетов атындағы ҚарМУ-де,Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде; М. Көпеев ат. ПМУ-де, МАК төрағасы болды. 2006- 2010 жж. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағадрламасы бойынша 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін» құрастырушылардың бірі. 2007 ж. ҚР Бж ҒМ жариялаған гранттық топтың ғылыми жетекшісі. 2017-202 0 жж. ҚР «Национальный культурный код в казахском языковом пространстве: функции при определении архетипного статуса символа и историко-культурного типа языковой личности» тақырыпты грантымен жұмыс істейтінтоптың ғылыми жетекшісі. Бүгінде ҚР ҒА А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері. С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университетінің «Құрметті докторы». Бірнеше ғылыми сыйлықтардың,гранттардың иегері. Профессор Б. Момынова 200-ден астам ғылыми, 15-тен астам ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері(2005); 2006 ж. ҚР Білім және Ғылыми министрлігі тағайындаған ЖОО-ның үздік оқытушысы грантының иегері (2006); ҚР Білім және Ғылыми министрлігі тағайындаған ЖОО-ның үздік оқытушысы грантының иегері 2011); «Тіл білімі үздік басылымы» номинациясының жеңімпазы (Саткенова Ж.Б. – серіктес автор) (2015); «Қазақ тілінің морфологиясы» оқу құралы «Үздік оқу құралы» номинациясы бойынша 2 дәрежелі әл-Фараби ат. ҚазҰУ дипломымен (2015) марапатталды. 2017 жылы 27 қазанда «Ғылым ордасы» РМК филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдан Қатайқызы Момынованың туғанына 60 жыл толуына арналған «Қазіргі қазақ тіл білімінің инновациялық әлеуеті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Б.Қ. Момынованың еңбектері

Труды Б.К. Момыновой:

Момынова Б. Қазақ тіліндегі Ым мен Ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі= Казахско-русский толковый словарь мимики и жестов в казахском языке [Мәтін] / Момынова Б., Бейсембаева С. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 136 б.

Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы [Мәтін] / Момынова Б. – Алматы: Атлас баспасы, 2006. – 200 б.

Момынова Б. Қазақ тілі морфологиясы. Есімдер. [Мәтін] : оқу құралы / Момынова Б., Саткенова Ж. Алматы: Арыс, 2007. - 120 б.

Момынова Б. Шәкәрім поэзиясының тілі [Мәтін] : (лексика-функциялды ракурс) / Б. Момынова. Алматы: Арыс, 2008. - 253 б

Момынова, Бағдан. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар [Мәтін] : оқу құралы / Б. Момынова. Алматы: Арыс, 2009. - 160 б.

Момынова, Бағдан. Қазақ ым-ишараттарының түсіндірме сөздігі [Мәтін] : сөздік / А. Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты. Алматы: Дайк-Пресс, 2017. 288 б.

Б. Қ. Момынованың мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалары

Статьи Б.К. Момыновой опубликованные на страницах периодической печати:

Момынова Б. Газет тіліндегі экспликация мен импликация [Мәтін] / Б. Момынова // Қазақстан Жоғары мектебі. 1999. №4-5. Б.10-13

Момынова Б. Дұрыс тамақтану- қанқұрттың емі. [Мәтін] : [Дәрігер кеңесі] / Б. Момынова // Дидар. 1999. 18 мамыр. Б.

Момынова Б. Сөз мағыналарының эволюциясы [Мәтін] / Б. Момынова // Қазақстан Жоғары мектебі. 1999. №5. Б.121-125

Момынова Б. Стилистикалық терминология: баспасөз тілінің термин қалыптастырудағы қызметі [Мәтін] / Б. Момынова // Тілтаным. 2003. - №1. Б.31-37

Момынова Б. Терминология дербес ғылым емес [Мәтін] / Б. Момынова // Ана тілі. 2004. 18 наурыз. Б.8

Момынова Б. Шәкәрім және қазақ ұлттық жазба әдеби тілі [Мәтін] / Б. Момынова // Шәкәрім әлемі. 2006. №2. Б.64-69.

Момынова Б. Қазақ тілі морфонологиясы саласын қалыптастырудағы профессор А. Айғабыловтың еңбегі [Мәтін] / Б. Момынова // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. 2006. №4. Б.3-4

Момынова Б. Бұл - бәрімізге қажетті сөздік [Мәтін] / Б. Момынова // Түркістан. 2009. 25 маусым (№ 25). 6

Момынова Б. Адамды алға жетелейтін нәрсе -жақсылық [Мәтін] : [Профессор Б. Момыновамен сұхбат] / Б. Момынова // Дидар. 2017. 24 қазан. Б.4.

Момынова , Бағдан. Марат Қабанбайдан қалған сұрақ "неге ?" [Мәтін] / Б. Момынова // Қазақ әдебиеті. 2018. 31 тамыз. Б.10-11.

Б. Қ. Момынова туралы мақалалар

Статьи о Б.К. Момыновой

Картаева А. М. Әдеби өлкетану [Мәтін] : ( Шығыс Қазақстанның қаламгерлері шығармашылығы бойынша ) оқу құралы / А. М. Картаева. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2016. – 166 б. (Введено оглавление)

Сағындықұлы Б. Салада өз соқпағы бар / Сағындықұлы Б. - Мәтін // Айқын. – 2017. – 1 қыркүйек (№ 131). – 7. – Профессор Б.Момынова туралы.

Саткенова Ж.Б. Ұстаз жолы [Мәтін] / Ж. Саткенова // Қазақ әдебиеті . – 2017. – 23-29 маусым (№ 26). – Б.13