Известные имена

Есімдер

Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.

Смайылов М. Б.

Исмаилов Марат Базаралиевич

Смайылов Марат Базаралыұлы (1947) – техника ғылымының докторы, профессор, ӘҒА-ның корреспондент-мүшесі, отставкадағы полковник, «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ директоры

Марат Базаралыұлы 1947 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Үржар ауылында дүниеге келген. Бала кезінен арман, қиял қанатына еріп, аспан әлеміне, ғарыш саласына қызығып өсті. Бір қызығы шалғайдағы Үржар ауылында мектеп директоры болған С. М. Деревянко мектепте әртүрлі үйірмелердің жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлген екен.Жасөспірім Марат Украинадан келген сурет пәнінің жас мұғалімі Иван Иванович Миргородскийдің ұйымдастырған авиамодель және ракетомодель спорты, физика-техника үйірмелеріне қатысады. Үржардағы Н.К. Крупская атындағы орта мектепті бітіріп, Ресейдің Томскінің физико-техникалық университетінің «ұшу аппараттарды эскиздік жобалау» факультетіне оқуға түседі. Томск университетін бітірісімен Мәскеудегі КСРО Ғылым Академиясының Химиялық физика институтында зымырандардың қатты жанармаймен жүретін қозғағышын (двигатель) жобалау бойынша білімін жетілдіреді.

1972 жылы Казань қаласындағы қорғаныс кәсіпорнының бас зертханасына маман болып қызметке кіріседі. Онда екі жыл қызмет істеп, Ижевск механикалық институтының «Зымырандарды және артиллерияны жобалау» кафедрасының аспирантурасына қабылданып, 1976 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Тақырыбы зымырандардың және артиллерия қаруларының қозғағыш зарядтарының теориясымен жаңа жобалау тәсілдері болатын. Диссертациялық кеңес құрамында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері генерал, әлемге әйгілі автомат конструкторы М.Т. Калашников, КСРО академигі А.М. Липанов бар мәртебелі комиссия алдында тақырыбын мүлтіксіз қорғап шықты.

Қызмет нәтижесіне орай Ижевск қаласынан үш бөлмелі пәтер алады. 1979 жылы Алматыға пәтерін ауыстырып, елге қоныс аударады. Алайда Марат Базаралыұлынаың мамандығына сай келетін жұмыс табу қиын еді. Қазақ мемлекеттік университетінің «химиялық кенетика және жану үрдістері» кафедрасына доцент болып орналасады. Сөйтіп химия ғылымын кәсіби деңгейде меңгере бастайды. Ғылыми бағытын өзгертіп, ізденіс арқасында тың тақырып – отқа төзімді қыш материалдарын түзілдірудің жаңа технологиясын табады. Әріптестерімен «Фурон» атты жаңа материалды дамытып, Қазақстанда шығару ісі қолға алынды. Материал КСРО, Куба, Германия, Бельгия,Италия, Қытайға экспортқа шығарылды.

1992 жылы Мәскеуде диссертация қорғап, техника ғылымдарының докторы атағын алды. Марат базаралыұлы ел тәуелсіздігін алғаннан кейін авиация және ғарыш саласына қайта оралды.

1994-97 ж.Талғат Бигельдинов атындағы Ақтөбе азаматтық ұшқыштар дайындайтын училище бастағы және профессоры, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің прректоры, 1997-2005 жж. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «Қазатомөндіріс» Ұлттық компаниясының ғылыми-техникалық мекемелерінде басшылық етті.

2005 жылдан бастап Қазақстанның ғарыш саласында еңбек етіп келеді: «Қазақстан ғарыш сапары», Ұлттық компаниясы АҚ ғарыштық техниканың арнайы конструкторлық –технологиялық бюросының бас инженері қызметтерін атқарды. Бүгінде Алматыдағы «Ғарыштық зерттулер мен технологиялар Ұлттық орталығы» АҚ департамент директоры.

Ресей-Қазақстан ғарыш саласындағы ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін Ресей ғарыш ассациациясы тарапынан академик В. Глушко атындағы, т.б. медальдармен марапатталған. 150-ден астам ғылыми еңбектер мен 50-ден аса патенттердің, өнертапқыштығы жайлы авторлық куәліктердің иесі.

М. Смайылов туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар

Публикации о М. Б. Смаилове в периодических изданиях

Исмаилов, М. Кандидаттық диссертациямды Калашниковтың алдында қорғадым : [қазақ арасынан шыққан санаулы ғарыш мамандарының бірімен сұхбат.] / Марат Исмаилов; сұхбат. Б. Тайжігіт. // Дидар. - 2014. - 14 тамыз. - б. 8.

Исмаилов, М. Калашниковтың алдында сынақ тапсырған / Марат Исмаилов. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2022. - 2 ақпан. - Б. 12.