Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Нұғыманов И.

Нугыманов Иманмалик

Иманмәлік Нұғыманов(1928-2000) – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і Оқу-ағарту ісінің үздігі.

1928 жылы 15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы (қазіргі Абай), Тарбағатай ауданы, Ұласты ауылында дүниеге келген.

1952 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. 1952-1955 жылдарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық оқу бөлімінде еңбек етті.

И. Нұғымановтың саналы ғұмыры Қазақ Педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) өтті. 1948 жылы ҚазПИ-дің жаратылыстану факультетінің студенті болып қабылданғаннан бергі жарты ғасыр бойы бір оқу орнында жемісті еңбек етті. Аталған уақыт аралығында адал қызмет жасаумен қатар елімізге қаншама білікті мұғалімдер даярлап үлгерді.

И. Нұғымановтың Қазақстанның білім көшін бастауға және оны дамытуға қосқан үлесі мол. Мектеп мұғалімдері мен студенттерге арнап жазған отызға жуық оқу құралдары мен әдістемелік оқу құралдары әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Сегіз қырлы бір сырлы ұстаздың ақындығы да бар еді. «Өсиет», «Адамдықты, адалдықты дәріптейік», «Тарбағатай вальсі», «ҚазПИ-ге», «Құрдасыма» (ҚазПИ-дің алпыс жылдығына), (ҚазПИ-дің жетпіс жылдығына), «Шәкірттеріме», «Ұстазыма» және т.б. өлеңдері соның куәсі.

И. Нұғымановтың ғылыми еңбектері химия тілінің дидактикалық функцияларына, оқыту құралдарының ғылыми негізділігіне, қазақ мектептерінде химияны оқыту процесінің терминологиялық, семиотикалық, лингвистика, педогогика және әдістемелік мәселелеріне арналған. И. Нұғыманов 300-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 16 оқулықтың авторы. «Язык химии и дидактические основы его функционирования в процессе обучения» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2000 жылы 24 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды.


И. Нұғыманов туралы әдебиет

Литература о Нугыманове И. 

Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы : [Мәтін] : 10 томдық. Т. 6 : Ұлттық тәлім-тәрбиелік ғылымдардың дамып, қалыптасу тарихынан : 1920-2000 жылдар. - Алматы : Сөздік - Cловарь, 2009. - 400 б. - Түсініктемелер: 375-388 б. - Пайдаланылған әдебиеттер: 389 б. 

И. Нұғмановтың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары: Бексайын, Қ. Ұстаз-ғалым : [Мәтін] : [жерлесіміз Тарбағатайлық педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов туралы] / Қ. Бексайын. - // Қазақстан мектебі. - 1998. - № 1. - Б. 11-14. 

Тілегенов А. Ардагер айтқан әңгіме /А. Тілегенов. - // Айқын. - 2015. - 15 сәуір (№ 67). – Б. 4