Известные имена

Есімдер

Хочу продать квартиру. Ипотека можно ли продать квартиру быстро. Можно продать долю в квартире. В каком банке брать ипотеку. Стоит ли брать ипотеку сегодня. На какой срок брать ипотеку. Утепление стен своими руками. Быстрое утепление стен пенопластом своими руками. Технология утепления стен. Ремонт видеокарты ноутбука. Быстрый ремонт видеокарты своими руками. Сколько стоит ремонт видеокарты. В каком банке взять автокредит. Где выгоднее взять автокредит без проблем. Бесплатный сервер wow. Рейтинг серверов wow сайт. Сервера wow mangos. Чертежи самодельных станков. Скачать чертежи станков для холодной ковки. Сверлильный станок чертеж. Договор аренды квартиры. Стоимость аренды квартиры в Москве. Снять в аренду квартиру.

Нұрғали (Нұрғалиев) Р.

rumgali

Нұрғали (Нұрғалиев) Рымғали (1940-2010жж.) - әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Семей (казіргі Шығыс Казакстан) облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дың филология факультетін аяқтаған соң, сонда оқытушылық қызметте қалады. 30-дан астам ғылыми және көркем шығарманың, 250-ге жуық ғылыми мақаланың авторы. Жекелеген еңбектері Франция, Түркия, Үндістан, Корея, Қытай т.б. елдерде жарық көрді. Қазақ әдебиетінің тарихы және қазіргі әдеби үрдісті дамыту жөніндегі негізгі ғылыми жұмыстары: «Трагедия табиғаты», «Қазақ драматургиясының поэтикасы», «Драма поэтикасы», «Древо обновления», «Контекст» екі томдық еңбегі. Л.Толстой, Н. Погодин, А. Кешоков, Н. Брагина және эстон авторларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның ғылыми редакциясымен «Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия», «Балалар энциклопедиясы» жарық көрді. «Абай» энциклопедиясын құрастыру барысында ғалымдар тобына жетекшілік еткен. Он ғылым докторы мен жиырмадан астам ғылым кандидатын даярлаған. Ғалым ТМД, Америка, Германия, Франция, Англия, Чехия, Словакия, Венгрия, Түркия, Иран, Үндістан, Қытай, Корея, Моңғолия елдерінде дәріс оқыған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Соңғы он жылда Л. Гумилев атын. Еуразия Ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

 Р. Нұрғалиғылыми еңбектері

Научные труды Р. Нургали

 Кітаптар – Книги

 

Нұрғалиев, Р. Трагедия табиғаты [Мәтін] : Мұхтар Әуезов - драматург : монография / Р. Нұрғалиев. - Алматы : Жазушы, 1968. - 176 б.

Нұрғалиев, Р. Айдын [Мәтін] : қазақ драматургиясының жанр жүйесі : монография / Р. Нұрғалиев. - Алматы : Өнер, 1985. - 400 б.

Нұрғалиев, Р. Телағыс  [Мәтін] : әдеби дәстүр мен әдеби даму : монография / Р. Нұрғалиев. - Алматы : Жазушы, 1986. - 440 б.

Нұрғалиев, Р. Қазақ революциялық поэзиясы [Мәтін] / Р. Нұрғалиев. - Алматы : Мектеп, 1987. - 206 б.

Нұрғалиев, Р. Ай қанатты арғымақ [Мәтін] : роман, новеллалар / Р. Нұрғалиев. - Алматы :  Жалын, 1990. - 480 б.

Нұрғалиев, Р.  Арқау [Мәтін] : екі томдық шығармалар / Р. Нұрғалиев. - Алматы : Жазушы, 1991. - 576 б.

Нұрғали, Р. Діңгек [Мәтін] : екі томдық [Мәтін] / Р. Нұрғали. - Алматы : Арда, 2009. - 592 б.

***

Нургалиев, Р.Поэтика драмы [Текст] : истоки и тенденции развития казахской драматургии / Р.Нургалиев. - Алма-Ата : Жазушы, 1979. - 248 с.

Нургалиев, Р. Зерно [Текст] : новеллы о целине / Р. Нургалиев; ред. Л. Степанова. - Алма-Ата : Жалын, 1981. - 168 с.

Нургалиев, Р.Древо обновления [Текст] : традиции и современный литературный процесс / Р.Нургалиев. - Алма-Ата : Жазушы, 1989. - 367 с.

 

Р. Нұрғалиқатысуымен шыққан кітаптар

Книги, вышедшие при участии Р. Нургали

 

Мұхтар Әуезов тағлымы [Мәтін] : әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / құраст. Р. Нұрғалиев. - Алматы : Жазушы, 1987. - 432 б.

Шанин, Ж. Арқалық батыр [Мәтін] : пьесалар мен мақалалар / Ж. Шанин; құраст. Р. Нұрғалиев. - Алматы : Өнер, 1988. - 400 б.

Абай [Мәтін] : энциклопедия / ред. Р. Н. Нұрғалиев. - Алматы : Атамұра, 1995.  -  720 б.

Бердібай, Р. Қазақ әдебиеті [Мәтін] : жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Б. Ыбырайым. - Алматы : Мектеп, 2007. - 384 б.

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

 

Нұрғали, Р. Алаштың бас шығармасы [Мәтін] / Р. Нұрғали // Абай. - 2008. - №3. - Б. 55-63.

Нұрғали,Р. Жұлдыздар әлемі шоғырымен жаратылады... [Мәтін] / Р. Нұрғали // Егемен Қазақстан. - 2009. - 5 желтоқсан. - Б. 5.

Нұрғали, Р. Таудан түскен адам [Мәтін] / Р. Нұрғали // Егемен Қазақстан. - 2009. - 7 қараша. - Б. 5.

 

Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности

 

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - Рымғали Нұрғалиев:  б. 68.

Ысқақұлы, Д. Қазақ әдебиеттанушылары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Д. Ысқақұлы. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - Нұрғали Рымғали Нұрғалиұлы: б. 347-348.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. -  Нұрғалиев Рымғали: б. 577.

***

Құрманғали, Қ. Қоңыр күз күмбірі [Мәтін] : [Р. Нұрғалиев туралы] / Қ. Құрманғали. - Алматы : Санат, 2002. - 472 б.

Түменбай, Қ. Күретамыр өмірден өтті [Мәтін] : [Р. Нұрғалиев туралы] / Қ. Түменбай // Ертіс өңірі. - 2010. - 24 ақпан. - Б. 19.

Ақтаев, С. Сыншылардың сойы еді [Мәтін] : [ғалым Р. Нұрғалиев туралы] / С. Ақтаев // Ақиқат. - 2010. - № 5. - Б. 33-35.

Сәрсекеев, Қ. Толық адам [Мәтін] : [академик-жазушы Рымғали Нұрғалиев туралы] / Қ. Сәрсекеев // Егемен Қазақстан. - 2010. - 1 маусым. - Б. 5.

Әбдікұлы, Т.  Алаш идеясы және Рымғали [Мәтін] : [Рымғали Нұрғалиев туралы] / Т. Әбдікұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 12 ақпан. - Б.8.

Ердембеков , Б. Алаш күретамыры [Мәтін] : [ғалым Р. Нұрғалиев туралы] / Б. Ердембеков // Абай. - 2015. - № 3. - Б. 44-48.

Еспенбетов, А. Рымғали Нұрғали [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2010. - 15 сәуір. - Б. 3.

Әбдікұлы, Т. Алаш идеясы және Рымғали [Мәтін] / Т. Әбдікұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 12 ақпан. - Б. 8.

Қасымжанұлы, С. Ай қанатты арыс ұл Абралысымен асқақтайды [Мәтін] :  [Р. Нұрғалиев туралы]   / С. Қасымжанұлы // Семей таңы. - 2011. - 16 ақпан. - Б. 3.

Тұрысбек, Р. Академик Рымғали Нұрғали мұрасы [Мәтін] : (жоғары білім мен кемел ғылым мәселелері) / Р. Тұрысбек // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - № 11. - Б. 85-92;  № 12. - Б. 65-72.

Әбдиманұлы, Ө. Алаштың арда ұлы [Мәтін] : Р. Нұрғалиевтің өмірдерегі / Ө. Әбдиманұлы // Ақиқат. - 2014. - № 7. - Б. 68-73.

***

Кривощапова, Т.Интеллектуальный новатор [Текст] : [к 75-летию ученого-литературоведа Рымгали Нургали] / Т.Кривощапова // Казахстанская правда. - 2015. - 30 мая. - С. 8.

 

Интернет - сілтемелер

Интернет – ссылки

 

Академик Р. Нұрғали Өмірден озды [Электронды ресурс] [Өмірбаян] : сайт. - Пайдаланым режимі :  http://www.inform.kz/kz/akademik-r-nurgali-omirden-ozdy_a2239057