Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Еспенбетов А. С.

Еспенбетов А.С.

Еспенбетов Арап Сләмұлы (1945 ж.) – филология ғылымдарының докторы«Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Семей қаласының Құрметті азаматы.

1945 жылы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған.

1951-1961 жылдары Саржал орта мектебінде оқыды. Саржал – Халел Хаббасов, Қаражан Үкібаев, Әмзе Нақымжанов, Шаймерден Тоқжігітов, Ахметжан Қозбағаров, Бекен Жамақааев сынды Абай елінің еңселі азаматтарының кіндік қаны тамған қасиетті мекен.

Семей педагогикалық институтының түлегі Арап Сләмұлы 1967-1991 жылдар аралығында осы институтта оқытушы, аға оқытушы, доцент, аға ғылыми қызметкер болды. 1972-1975 жылдары ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітірді. 1977-1978 жылдары Семей педагогикалық институты филология факультеті деканының орынбасары, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі кызметтерін абыроймен атқарды. 1993-1996 жылдары Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтының проректоры, Семей мемлекеттік университеті гуманитарлық институтының ректоры, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Педагогика жоғары мектебінің директоры қызметтерін атқарды. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мәселелеріне арналған.

1975 жылы «С.Торайғыровтың лирикасы» деген тақырыпта кандидаттық, 1993 жылы «С.Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Содан бастап, ХХ ғасыр басындағы кезеңнің бірегей ақыны – С.Торайғыровтың есімімен тікелей қатысты болды.

А. Еспенбетов қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелеріне, сұлтанмахмұттануға арналған жүзге тарта ғылыми мақалалардың авторы. Сондай-ақ, Абай, А.Пушкин, Ғ.Тоқай, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Күлеев, С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, С.Дөнентаев т.б. әдебиетшілердің әдеби мұраларына тоқталып, ғылыми мақалалар жазды.

2014 жылы ғалымның «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясымен абайтану, шәкәрімтану мен сұлтанмахмұттану зерттеулері енген қос томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

А.Еспенбетов – халық өміріне белсене араласқан ел азаматы, қоғам қайраткері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы докторлық дәреже беру жөніндегі мамандандырылған Кеңестің мүшесі, Республикалық «Абай» журналы, «Шәкәрім» журналы редакцияларының, «Қазақ әдебиеті мен мемлекеттік тіл» республикалық-әдістемелік журналының және «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясының редакциялық алқа мүшесі. Сан ұрпаққа үлгі болар саналы өмірін ізденіс үстінде өткізіп келе жатқан Арап Сләмұлының жетістіктері кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай өнегелі.

Семей қалалық мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері Арап Еспенбетовке «Семей қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі берілді.

"Парасат" орденімен марапатталды (2020).

А. С. Еспенбетов шығармалары

Произведения А. С. Еспенбетова

 

Кітаптар – Книги

 

Еспенбетов, А.С. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт [Мәтін] : ғылыми зерттеу / А. Еспенбетов. - Алматы: Раритет, 2008. - 237 б.

Еспенбетов, А.С. Шығармалары [Мәтін]. Т. 1 : монография / А.Еспенбетов. - Астана : Фолиант, 2014. - 368 б. - (Алтай-Ертіс кітапханасы)

Еспенбетов, А.С.Шығармалары [Мәтін]. Т. 2 : зерттеулер, мақалалар / А.Еспенбетов. - Астана : Фолиант, 2014. - 472 б. -(Алтай-Ертіс кітапханасы)

 

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

 

Еспенбетов, А. Білімнің қара шаңырағы [Мәтін] : [Семей педагогикалық институтына 60 жыл] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 1997. - 18 қазан. - Б.4.

Еспенбетов, А. Өзіне сенген құстай ұшады [Мәтін] : [«Семей таңы» газетінің қызметкері Б. Сыдықұлы туралы] / А.Еспенбетов // Үш анық. - 1999. - желтоқсан. - Б.2.

Еспенбетов, А. Ғалымдар ағасы [Мәтін] / А.Еспенбетов // Семей таңы. - 2000. - 26 мамыр. - Б.3.

Еспенбетов, А. Шәймерден Тоқжігітов - "Таң" журналын шығарушы [Мәтін] : [жазушы, журналист Ш.Тоқжігітовтің туғанына 100 жыл толуы қарсаңында] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2001. - 28 қыркүйек. - Б.3.

Еспенбетов, А. Сүйінерге жарар ұл [Мәтін] : [жазушы, журналист Ш.Тоқжігітовтың туғанына 100 жыл толуы қарсаңында] / А.Еспенбетов // Семей таңы. - 2001. - №31. - Б.4.

Еспенбетов, А. Ұстаз ұлағаты [Мәтін] / А.Еспенбетов // Семей таңы. - 2005. - 16 желтоқсан. - Б.2.

Еспенбетов, А. Жоқ іздеген жолаушы [Мәтін] / А. Еспенбетов // Егемен Қазақстан. - 2006. - 24 наурыз. - Б.5

Еспенбетов, А. Әдебиетіміздің абызы [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2007. - 26 сәуір. - Б.3.

Еспенбетов, А. Сегіз қырлы бір сырлы [Мәтін] / А.Еспенбетов // Семей таңы. - 2007. - 3 мамыр. - Б.4.

Еспенбетов, А. Шәкәрім: "Үш анық" және "Бес сауал" [Мәтін] / А. Еспенбетов // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 12 қыркүйек. - Б.7.

Еспенбетов, А. Абай жинағына бір ғасыр [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2009. - 27 тамыз. - Б.4.

Еспенбетов, А. Абайдың туған күнін шатастырмайық [Мәтін] / А.Еспенбетов // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. - 2009. - № 11. - Б. 3-4.

Еспенбетов, А. Бауыржан батырдан бата алған Бәтташ еді [Мәтін] / А. Еспенбетов // Дидар. - 2009. - 9 желтоқсан. - Б.7.

Еспенбетов, А. Жүсіпбек Аймауытов және Семей баспасөзі [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. - Б.6 ; 15 желтоқсан. - Б.15.

Еспенбетов, А. Мерғали Ибраевтың поэзиялық шығармалары [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2009. - 16 шілде. - Б.12.

Еспенбетов, А. Ой өзегі - Алаш әдебиеттануы [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2009. - 10 қыркүйек. - Б.3.

Еспенбетов, А. Ұшқан ұям, алтын бесігім! [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2009. - 8 қазан. - Б.3.

Еспенбетов, А. Ұлылық өнегесі [Мәтін] / А. Еспенбетов // Шәкәрім. - 2009. - N 1. - Б.14-20.

Еспенбетов, А. Рымғали Нұрғали мұрасы [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2010. - 15 сәуір. - Б.3.

Еспенбетов, А. Ірі оқымысты [Мәтін] / А. Еспенбетов // Жұлдыз. - 2010. - № 8. - Б.159-162.

Еспенбетов, А. Абайтанудың көрнекті қайраткері [Мәтін] / А. Еспенбетов // Абай. - 2011. - № 1. - Б. 50-52.

Еспенбетов, А.Ұлтты оятқан поэзия[Мәтін] / А.Еспенбетов // Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі [Мәтін] : халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары : 26-27 тамыз. - Өскемен, 2011.

Еспенбетов, А. Алаш Абайтануы [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы . - 2012. - 9 қазан.- Б.4.

Еспенбетов, А. Мұхтар Әуезов көсемсөзі академик Р. Нұрғали зерттеуінде [Мәтін] / А. Еспенбетов // Абай. - 2012. - №1-4. -Б.104-106.

Еспенбетов, А. Азамат. Ғалым [мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2013. - 1 наурыз.- Б.7.

Еспенбетов, А. Қазақтың қамын жеген "Қазақ" [Мәтін] / А. Еспенбетов // Абай. - 2013. - №2-3. - Б. 3-7.

Еспенбетов, А. Сұлтанмахмұт - Семейде [Мәтін] / А. Еспенбетов // Ертіс өңірі. - 2013. - 30 қазан. - Б.10-11.

Еспенбетов, А. Алар асулар алда [мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2014. - 23 қыркүйек. - Б.5.

Еспенбетов, А. Араб әліпбиін біржарым айдың ішінде үйреніп шықтым [Мәтін] / А. Еспенбетов ; сұхбаттасқан М. Иманғали // Дидар. - 2014. - 5 мамыр. - Б. 8.

Еспенбетов, А. Ұрпақ парызы [мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2014. - 7 қаңтар. - Б.4.

Еспенбетов, А. Абайдың кітапханасы [Мәтін] / А. Еспенбетов // Ертіс өңірі. - 2015. - 5 тамыз. - Б.9.

Еспенбетов, А. Тұрағұл естелігіндегі Густав Әмір кім? [Мәтін] / А. Еспенбетов // Семей таңы. - 2015. - 18 тамыз. - Б.6.

Еспенбетов, А. Ұлы ақын кітапханасы [Мәтін] / А. Еспенбетов // Абай. - 2015. - №4. - Б.21-26.

Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде [Мәтін] : халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2015. - 299 б.

Еспенбетов, А. Құнанбай қорымына қамқорлық қажет [Мәтін] / А.Еспенбетов // Егемен Қазақстан. - 2016. - 11 наурыз. - Б.11.

 

***

 

Еспенбетов, А. Большая удача - найти своего студента [Текст] : [беседа с ректором Семипалат.гуманитарного ин-та ...] / Еспенбетов А. // Голос народа. - 1999. - 23 июня. - С. 4.

Еспенбетов, А. Движение "Алаш" [Текст] : особый вектор научного поиска / А. Еспенбетов // Рудный Алтай. - 2009. - 22 янв. - С. 3.

Еспенбетов, А. Кузница педагогических кадров [Текст] / А. Еспенбетов // Вести Семей. - 2014. - 23 сентября. - С. 4.

Еспенбетов, А. "Педагогичесий поиск: опыт, проблемы, находки и достижения" [Текст] / А. Еспенбетов // Вести Семей. - 2015. - 6 января. - С. 3.

 

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Еспенбетов Арап Сіләмұлы: б.335.  

Ысқақұлы, Д. Қазақ әдебиеттанушылары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Д. Ысқақұлы. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013.- Еспенбетов Арап Сіләмұлы: б. 175-176.

Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2009. - 535 б. - Еспенбетов Арап Сіләмұлы: б. 405.

 

***

 

Алаш мұраты және мемлекеттік тіл [Мәтін] : республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары / ред. Т. Шаңбай. - Өскемен-Семей, 2011. - 438 б.

Құмар, А. Ұстаз. Ғалым. Азамат [Мәтін] / А. Құмар // Семей таңы . - 2012. - 2 наурыз. - Б. 7.

Абай [Мәтін] : республикалық фольклорлық-этнографиялық әдеби- көркем журнал. - №4. - Семей : PRІNTMASTER, 2015. - 95 б.

Иманжапар, М. Тұғырлы тұлға [Мәтін] : [ұлағатты ұстаз, білікті ғалым А.Еспенбетов 70 жаста] / М. Иманжапар // Ертіс өңірі . - 2015. - 4 наурыз.- Б.12.

Мырзаханов, А. Шығармалар жинағы жарық көрді [мәтін] / А.Мырзаханов // Семей таңы. - 2015. - 30 қаңтар.- Б.2.

Мырзахан, А. "Ұстаз мерейі" [Мәтін] / А. Мырзахан // Семей таңы. - 2015. - 13 ақпан.- Б.3.

Кеңесбаева, Ш. Көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз [Мәтін] / Ш. Кеңесбаева // Абай елі. - Семей, 2015. - 15-28 ақпан.- Б.6.

Қасқабасов, С. Әдеби өлкетану кеншісі [Мәтін] / С.Қасқабасов // Егемен Қазақстан . - 2015.- 4 наурыз. -Б. 8.

Абай [Мәтін] : республикалық фольклорлық-этнографиялық әдеби- көркем журнал. №1. - Семей : PRІNTMASTER, 2016. - 95 б.

 

***

 

Гайнуллина Ф.А. Арап Еспенбетов: Хранитель духовного наследия [Текст] / Гайнуллина Ф.А. // Семипалатинские вести. - 2005. - 25 февр. - С. 6

Над нами солнце Свободы сияет [Текст] / Центр инфор. (ВКО) // Спектр. - 2012. - 19 дек. - С. 1-2

Ром, Л. Поздравляем семейчан с наградами ! [Текст] / Л. Ром // Спектр. - 2012. - 19 дек. - С. 2-3.

Аубакирова, Р.Ж. О роли слова или воспитание гражданина [Текст] / Р. Ж. Аубакирова // Вести Семей. - 2015. - 3 марта. - С. 4.

Гуляева, Е. ЛИТЕРатурные изыски Арапа Еспенбетова [Текст] : серия книг «Алтай-Ертiс» пополнилась двухтомником о творчестве Шакарима, С. Торайгырова и деятелей движения «Алаш» / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2015. - 7 февр. - С. 8.

Гуляева, Е. Литературные изыски [Текст] / Е. Гуляева // Наше дело. - 2015. - 29 января. - С. 5.

Исабаева, Т.Д. Богатые традиции научной школы А.С. Еспенбетова [Текст] / Т. Д. Исабаева // Вести Семей. - 2015. - 3 марта. - С. 4.

Исмаилова, Г.К. Учителю до земли поклонись ! [Текст] / Г. К. Исмаилова // Вести Семей. - 2015. - 3 марта. - С. 4.

Касенов, Ж. Сохраняя культурное наследие [Текст] / Ж. Касенов // Вести Семей. - 2015. - 27 января. - С. 2.

Парфенович, М. Поколение читателей, которое нам дорого [Текст] / М. Парфенович // Вести Семей. - 2016. - 24 мая. - С. 6.

 

А. С. Еспенбетовтың қатысуымен шыққан кітаптар

Книги вышедшие при участии А. С. Еспенбетова

 

 

С. Торайғыров [Мәтін] : библиогр. көрсеткіш / құрастырған: Б.Кенжебаев, А.Еспенбетов; Қазақ ССР-інің А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы. - Алматы : Казақстан, 1975. - 56 б.

Демократия салтанаты [Мәтін] : 100 күннің хроникасы / құрастырған: Е. Сыдықов, А. Еспенбетов, Ш. Құрманбаева. - Семей, 2011. - 468 б.

Ердембеков, Б. А. Абайдың әдеби ортасы [Мәтін] : монография / Б. Ердембеков ; ред. А.Еспенбетов. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. - 306 б.