Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Асламов А.В.

АСЛАМОВ АЛЕКСАНДР ВИКТОРОВИЧАсламов Александр Викторович(1963-1983) - қатардағы жауынгер, барлаушы-пулеметші.

1963 ж. 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Самар (қазіргі Көкпекті) ауданы, Миролюбовка селосында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, механизатор болып жұмыс істейді.
1981 ж. 2 сәуірде Самар аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1981 ж. 4 желтоқсанда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі. 1983 ж.

22 ақпанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.

1983 ж. 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Миролюбовка селосында жерленді.

1983 ж. 14 шілдедегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:

Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 26-27.