Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Оконечников С.Г.

okonОконечников Сергей Геннадьевич - прапорщик, рота старшинасы.

1958 ж. 15 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Парыгино селосында дүниеге келген. 1973-1975 жж. Семей геологобарлау техникумында оқиды.
1976 ж. 6 қарашада Зырян аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. Әскери борышын өтеп келген соң, «Зырян» кеңшарында еңбек етеді.
1982 ж. Зырян аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылып, Самарқанд қаласындағы байланысшылар курсына жіберіледі. Аягөз қаласындағы танк дивизиясында әскери борышын өтейді.
1983 ж. 18 қыркүйекте Ауғанстанға жіберіледі.
1985 ж. 25 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында хабарсыз жоғалды.

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. – Б. 196-197.