Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Белгібаев Ә. Б.

Бельгубаев Ануарбек Бельгубаевич

Белгібаев Әнуарбек Белгібайұлы (1936) - генерал-майор, мемлекеттік қауіпсіздіктің құрметті қызметкері

1936 жылы 16 мамырда Өскемен қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

1958-1961 жылдары Өскемен қаласында автокәсіпорынның жүргізушісі болады.

1961 жылы мемлекеттік қауіпсіздік органдарына қызметке шақырылған. 1962 жылы КСРО МҚК курстарын аяқтағаннан кейін Қаз КСР МҚК қарсы барлау бөлімшелерінде оперативті жұмыста болған.

1975 жылдан – КСРО МҚК қарсы барлау басқармасы бастығының орынбасары, жетекші бөлімдерінің бірінің бастығы.

1983-1987 жылдары КСРО МҚК орталық аппаратында жұмыс істеді, онда қарсы барлау Бас басқармасының бөлім бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

1987-1995 жылдары Талдықорған облысы бойынша ҚМР-ҰҚК басқармасының бастығы болды.

«Құрмет Белгісі» орденімен, 11 медальмен марапатталған.

ҚР Генералдар кеңесінің мүшесі.

Ә. Б. Белгібаев туралы әдебиет

Литература о А. Б. Бельгубаеве

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.