Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Берсенев М. Т.

Берсенев Михаил ТерентьевичБерсенев Михаил Терентьевич (1937) - генерал

1937 жылы 12 қаңтарда Шығыс қазақстан облысы, Марқакөл (қазіргі Күршім) ауданы, Майқапшағай ауылында жұмысшы-шаруа отбасында дүниеге келген.

1953 жылы 8 сыныпты бітіргеннен кейін Өскемен қаласы п/я-10 кәсіпорнына слесарь болып жұмысқа орналасады, осы кәсіпорында жұмыс істей жүріп, жұмысшы жастардың кешкі мектебінде оқуды жалғастырды.

1955-1957 жылдары 10 сыныпты бітіріп, КСРО ІІМ Ташкент милиция мектебіне оқуға түседі.

1957 жылы ІІМ жүйесінде жұмыс істей бастады, алдымен қылмыстық іздестіру жедел уәкілі, содан кейін Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ББЖБ бөлімінің аға, бастықтың орынбасары, бөлімше бастығы болды.

1964 жылы КСРО ІІМ сырттай жоғары мектебін бітіріп, жоғары заңгерлік білім алады.

1967 жылдың қаңтарынан КОКП мүшесі болды.

1970 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық атқару комитетінің аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

1973 жылы Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитеті Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

1974 - 1976 жылдары КСРО ІІМ Академиясына оқуға түседі.

1976 жылы Шығыс Қазақстан облысына ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары лауазымына жұмысқа жіберілді.

1978 жылдың тамыз айында Көкшетау облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалады.

1984 милиция генерал-майоры атағы КСРО Министрлер Кеңесінің 29.10.1984 жылғы № 1093 қаулысымен берілді.

1989 жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалды.

1990 жылғы ақпан айынан 29.08.1992 жылға дейін Қазақ КСР Ішкі істер министрі болып жұмыс істеді.

1991 жылы милиция генерал-лейтенанты атағы КСРО Президентінің 18.12.1991 жылғы № УП-3050 Жарлығымен берілді.

«Құрмет Белгісі» орденімен, тоғыз медальмен марапатталған.

Бұған дейін бірнеше рет аудандық, қалалық және облыстық халық депутаттары Кеңестерінің депутаты және олардың атқарушы комитеттерінің мүшесі болып сайланған. Райкомдар, горкомдар, партия обкомдары пленумдарының мүшесі болып сайланды.

Қазақстан Компартиясы ХVI съезінің делегаты болды.

Сондай-ақ, 1991 жылғы 28 маусымда бекітілген Қазақ КСР үкіметінің құрамына Қазақ КСР Ішкі істер министрі ретінде кірді. Қазіргі уақытта зейнетте.


М. Т. Берсенов туралы әдебиет 

Литература о М. Т. Берсеневе

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.

Интернет ресурстары

Интернет ресурсы 

Биография национальный портал