Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Власов Н. А.

Власов Николай Афанасьевич (1943) – ішкі қызмет генерал - майоры, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкеріВласов Николай Афанасьевич

1943 жылы 22 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 1961 жылы орта мектепті бітіріп, КСРО ІІМ Свердлов өрт-техникалық училищесіне оқуға түсіп, оны 1964 жылы бітіріп, мемқадағалаудың аға инспекторы лауазымына Семей облысының Көкпекті АІІБ-не жіберілді. Содан кейін мемлекеттік қадағалау инспекциясының бастығы болды. 1969 жылдан бастап 1988 жылға дейін он тоғыз жыл бойы мемлекеттік қадағалау инспекциясының инспекторы, аға инспекторы, бастығы болып жұмыс істеді.

1988 жылы Семей облыстық атқару комитеті ІІБ бастығының орынбасары болып тағайындалды.

1994 жылы Республиканың Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1971 жылы Жамбыл технологиялық институтын, 1996 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін 52 рет көтермеленді, 8 медальмен марапатталды.

 

Н. А. Власов туралы әдебиет

Литература о Н. А. Власове

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.