Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Есетов Т.М.

Есетов Талғат МәлгаждарұлыЕсетов Талғат Мәлғаждарұлы (1965-2013) - генерал-майор

1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Дарственное селосында туған.
Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғарғы шекара басқару училищесін (1986), Фрунзе атындағы Әскери Академияны (1995) бітірген. 1986 жылдан шекара заставасы бастығының орынбасары, бастығы. Шекаралық комендатура комендантының орынбасары. 1995 жылдан Жаркент шекара отряды бастығының орынбасары , штаб бастығы.
1997 ж. –Мақаншы шекара отрядының штаб бастығы.
1998 ж. – Үшарал шекара отрядының штаб бастығы.
2002 ж. –ҚР ҰҚК шекара қызметі «Солтүстік» аймақтық басқармасының бастығы.
2009 жылдың наурыз айына дейін ҚР ҰҚК шекара қызметі «Оңтүстік» аймақтық басқармасының бастығы.
Соңғы қызметі – ҚР ҰҚК шекара қызметі Академиясының бастығы.
2013 жылы 31 қаңтарда қайтыс болды.
4 медальмен марапатталған.

Т. Есетов туралы әдебиет

Литература о Т. Есетове


Генералы Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - 2-е изд., доп. - Алматы : Абзал-Ай, 2013. - 480 с.