Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Төлеуханов А. А.

Толеуханов Айтмухамет Айтказинович

Төлеуханов Айтмұхамет Айтқазыұлы (1950) - әділет генерал-лейтенанты

1950 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1974 жылы Свердлов заң институтын бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы аудандық прокуратураның тергеушісінен бастаған.

Он жыл прокуратура органдарында жұмыс істеді, содан кейін Алматы обкомына партиялық жұмысқа ауысты. 1987 жылы Алматы қалалық Әділет басқармасының бастығы болды.

1991-1992 жылдары құқықтық саясат жөніндегі мемлекеттік кеңесшінің көмекшісі болып жұмыс істеді, кейін Әділет Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1994 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Қарулы Күштері Әскери сотының төрағасы болды.

2001 жылғы қаңтар-2009 жылғы сәуір аралығында - ҚР Бас әскери прокурор, Бас прокурордың орынбасары.

2009 жылғы сәуірден бастап отставкада.

Әділет Генерал-майоры (08.1999), әділет генерал-лейтенанты.

Екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері.

 

А. А. Төлеуханов туралы әдебиет

Литература о А. А. Толеуханове

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Параграф информационные системы

Биография KZ