Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Қазақбаев С.А.

Қазақбаев Сержан Абдолдаұлы (1961) – запастағы офицер, полковник, Ауған шиеленісіне  қатысқан жауынгер (1979-1989).

1961 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Өрел ауылында (Өрел ауылдық округінің әкімшілік орталығы) дүниеге келген. 1978 жылы Солдатов орта мектебін бітіргеннен кейін Симферополь жоғары әскери-саяси құрылыс мектебіне түседі.

1982 ж., шілде - Қызыл Тулы Ортаазиялық әскери округінің 32610 ә/б әскери-құрылыс жасағында қызмет атқарады, рота командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болған.

1982 ж., қараша - Алматы облысы, Қапшағай қаласының арнайы мақсаттағы әуе-десанттық бригадасында қызмет атқарды, рота командирінің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары болады.

1983 ж., шілде - 1985 ж., қаңтар - Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағында 70-ші гвардиялық мотоатқыштар бригадасының құрамында қызмет етті. Осы кезеңде өткізілген барлық ұрыс қимылдарына қатысады. Үш рет жараланған.

1985 ж., қаңтар - 1986 ж., қараша - И. С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінде курсанттар батальоны БЛКЖО комитетінің хатшысы.

1986 ж., тамыз - 1987 ж., қараша - Жамбыл облысы, Гвардейский кентінің оқу мотоатқыштар дивизиясы (қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Гвардейский кенті), оқу мотоатқыштар ротасы командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары.

1987 ж., қараша - 1988 ж., тамыз - Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка кентіндегі мотоатқыштар полкі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы), мотоатқыштар батальоны командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары.

1988 ж., тамыз - 1991 ж., маусым – В. И. Ленин атындағы Әскери-саяси академияда оқиды (қазіргі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университеті, Мәскеу қ.), жалпы әскери факультеті.

1991 ж., маусым - 1992 ж., қаңтар - Түркістан әскери округі, мотоатқыштар полкі командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары.

1992 ж., қаңтар - 1995 ж., қаңтар - Түркістан әскери округі, Барлау орталығы бағыты бастығының орынбасары.

1995 ж., қаңтар - 1997 ж., шілде - Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектебі (қазіргі Б. Момышұлы Жас Ұлан атындағы Алматы республикалық әскери мектебі.), бастықтың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1997 ж., шілде - 2001 ж., шілде - Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектебінің бастығы (қазіргі Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесі) Т. Бигельдинов атындағы Кеңес Одағының екі мәрте батыры авиация генерал-майоры).

2001 ж., шілде - 2013 ж. - Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектебінің бастығы (қазіргі Б. Момышұлы атын. Жас Ұлан атындағы Алматы республикалық әскери мектебі.)

Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық борышын адал атқарғаны үшін Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ 1-дәрежелі «Әскери қызметтегі үздігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», 3-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

С.Қазақбаев кітаптары
Книги С. Казакпаева

Қазақбаев, С. Ауған ақиқаты [Мәтін] : офицер жазбалары / Қазақбаев С. - Алматы : [б. и.], 2006. - 224 б.

***

Казакпаев, С. Кандагарский дневник [Текст] / Казакпаев С. - Алматы : Казахстан ГИС Центр, 2006. - 352 с.

С. Қазақбаевтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары

Публикации С. Казакпаева в периодической печати

Қазақбаев, С. Батыр болып туа ма [Мәтін] : [ауған соғысының ардагері С. Қазақбаев туралы] / С. Қазақбаев // Арай. - 1987. - 2 июль.

Қазақбаев, С. Ауған соғысының ақиқаты [Мәтін] : Ауған соғысына қатысқан офицердiң жазбасынан / С. Қазақбаев // Дала мен қала. - 2006. - 30 маусым. - Б. 12.

Қазақбаев, С. Ауған дәптерiнен [Мәтiн] : жолжазбадан  / С. Қазақбаев // Дала. - 2006. - N 7/8. - Б. 10-11.

***

Казакпаев, С. Школа солдата, школа гражданина  [Текст] : [беседа с начальником военной школы-интерната и его заместителем по воспитательной работе]/ С. Казакпаев, Д. Абраимов; Ю. Алексеев // Мысль. - 2003. - N 7. - С. 54-59.

Казакпаев, С. Кандагарский дневник [Текст] / С. Казакпаев // Айбын. - 2009. - № 2. - С. 34-37.


С. Қазақбаев туралы

О С. Казакпаеве

Қапанов, Б. Анамдай әлпештеген Асқар Алтай [Мәтін] / Б. Қапанов. - Өскемен : [б. и.], 2011. - 566 б.

***

Кривопалов, О. Политработники в Афганистане [Текст] : Политработники 40-й общевойсковой армии в Афганистане (1979-1989 гг.). Документальное исследование / О. Кривопалов. - Днепропетровск: ИМА-пресс, 2015. - С. 264.

*** 

Бөкенбаева, Э. Кандагарда өткен 730 күн [Мәтiн] : Ауғанстанда әскери борышын өтеп қайтқан қазақстандық жауынгерлер хақында / Э.Бөкенбаева // Дала мен қала. - 2005. - 11 ақпан. - Б. 9.

Құлмаханова, Г. Қандағар күнделiгi кiтапқа айналды [Мәтiн] : Ауған ардагерi С.Қазабаевтың "Ауған ақиқаты" атты кiтабы жайында /  Г.  Құлмаханова // Айқын. - 2006. - 24 қазан. - Б. 5.

Әуелбек, Ә. Саясатқа сiлтенген балта [Мәтiн] / Ә. Әуелбек // Ел мәдениетi. - 2007. - 15 мамыр. - Б. 7. - Ауған соғысына қатысқан аға лейтенат С. Қазақбаев туралы.

***

Кудабаева, М. Человек, который восстановил память [Текст] : о полковнике, нач. Алматин. респ. военной школы им. Б.Момышулы С. Казакпаеве / М. Кудабаева // Огни Алатау. - 2006. - 1 июля. - С. 9.

Барат, Г. Записки половника [Текст] / Г. Барат // Страна и мир. - 2007. - 19 октября. - С. 20. - О книге полковника С.Казакпаева "Кандагарский дневник".

Шашкова, Л. Афганский дневник [Текст] / Л. Шашкова // Казахстанская правда. - 2013.- 7 мая. - С. 14. - О кн. ветерана афган. войны, полковника С. Казакпаева "Кандагарский дневник".