Известные имена

Famous names

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Досанов Ғ.

Досанов Ғ. Досанов Ғазиз Досанұлы – әуесқой сазгер, ұстаз (1941-2010)

Ғазиз Досанұлы 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Сәби кезінен -ақ көз жанарынан айрылса да заман көшінен қалмай білім алуға ұмтылады. 1962 жылы Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы зағиптарға арналған мектепті аяқтап, Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің баян класына оқуға түседі. Училищені бітіргенсоң туған ауылына келіп музыка пәнінен сабақ береді. Ауыл жастарымен біріге отырып көркемөнерпаздар үйірмесінің жандануына үлкен үлес қосты. Өткен ғасырдың 70- жылдарында Қаратоғайдың Ғазиз жетекшілік еткен «Қызғалдақтар» ансамблі облысқа әйгілі болған.

1973-2001 жылдары Күршім аудандық балалар музыка мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. Бірнеше шәкірт тәрбиелеп өсірген тағлымды ұстаз, ардақты әке, аяулы жар Ғазиз Досановтың өнегелі өмірі кімге болса да үлгілі.
2002-2009 жылдар арасында Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасында кітапханашы болып қызмет етті. Зағиптар мен көзі нашар көретін оқырмандарға Брайль жүйесі бойынша нотамен баян, домбырада ойнауды үйретті.
Ғазиз Досанов ең алғашқы әндерін мектеп қабырғасында жүргенде шығара бастаған еді. «Аңсадым ғой өзіңді» деп аталатын шығармасының әуені мен сөзін өзі жазды. Барлығы жиырма екіге тарта әні бар. Оның ішінде алтауы Қазақ радиосының қорынан орын алды. Алматы және облыстық Халық шығармашылығы үйі ұйымдастырған әуесқой композиторлар байқауында белсенді өнер сөрсетті. Облыстық атқару комитетінің, облыстық комсомол және кәсіподақ кеңесінің мақтау қағазымен марапатталған. 1999 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің халыққа білім беру ісінің үздігі белгісін алған.
Ғазиз Досановтың шығармашылығы лирикалық сарында болып келеді. Туған жерге, Отанға деген махаббаты «Күршім», «Туған жер» әндерінен айқын сезіледі. «Әке тілегі», «Ақ қайың», «Немере», «Гүлсің өзің», «Ана», «Сырымды айтам» т.б. әндері жұртшылықтың көңілінен шыққан.

Досанов Ғазиз туралы:

Есембаева , Роза. Әз-аға жайлы үзік сыр [Мәтін] : [Әуесқой сазгер, қадірлі ұстаз Ғ. Досанов туралы] / Р. Есембаева // Дидар. - 2010. - 22 мамыр.- Б. 5.; Рауан. - 2010. - 24 сәуір.- Б. 5.