Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Зәкиев Б.

Болат Сейтқазыұлы Закиевтің Зәкиев Болат, генерал (1950)

Зәкиев Болат 1950 жылы 25 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Қаратал ауылында дүниеге келген.
1971 жылы КСРО МҚК Ф. Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекаралық командалық училищесін, 1981 жыллы КСРО МҚК Қызыл Тулы институтын бітірген.
1967 жылдан КСРО МҚК Жоғары шекаралық командалық училищесінің курсанты (Алматы), 1971-1978 жылдары КСРО МҚК Шығыс шекаралық отрядының офицері, аға офицері, 1981 жылдан КСРО МҚК Шығыс шекаралық отрядында бөлім бастығының орынбасары, 1984 жылдан КСРО МҚК Ауғанстандағы Өкілдігінің аға оперативтік қызметкері, 1988 жылдан КСРО МҚК Шығыс шекаралық округі бөлімінің аға офицері, 1991 жылдан Шығыс шекаралық округі бөлім бастығының орынбасары (Алматы), 1992 жылдан шекаралық округ әскерлері қолбасшысының орынбасары, Шығыс шекаралық бөлімінің бастығы.
ҚР ҰҚБ төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры қызметтерін атқарды.
Қызыл Жұлдыз (1987), 2-дәрежелі Даңқ (2001) ордендерімен, көптеген медальдармен, жоғары дәрежелі Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Зәкиев Болат туралы:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Интернет ресурстар :

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.
Параграф информационные системы- http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30100609