Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Чибисов С.Я.

Чибисов С.Я. Чибисов Сергей Яковлевич (1945), композитор

Сергей Яковлевич Чибисов Новосібір облысы, Болотинск ауданында 1945 жылы бірінші қаңтарда дүниеге келген. 4 жасынан музыкамен (гармонь, баян) айналыса бастаған. Кемеров қаласындағы музыка училищесінің кларнет класын бітірген. Армия қатарында жүріп әскери оркестрде аранжировщик пен дирижердің мектебінен өтті. 1977 жылы Ленинградтың жоғары мәдени мектебін бітірді. Кемеров облысының Топки қаласындағы орта мектепте музыка және ән сабағының мұғалімі, осы қаладағы теміржолшылардың мәдениет үйінде 1962-1964 жылдары баянист, көркемдік жетекші болып қызмет атқарды.

1968 жылы Өскемен қаласындағы Орталық мәдениет үйінде «Элегия» эстрада оркестрін құрды. 1977-2000 жылдары Өскемен қаласындағы орталық мәдениет үйінде директор, 2001 жылы шығармашылық қызмет бойынша директордың орынбасары міндеттерін атқарды.60-тан астам әннің авторы, Үлбі металлургия зауытының, «Торпедо» хоккей командасының гимнін жазған. «Наш дом Казахстан» атты әні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан туралы ең үздік ән» номинациясына ие болған. 2000 жылы Президент шыршасына арнап «У Деда Мороза в снегу борода» әнін, В. П. Потанин арналған фильмнің әні мен сөзін, Е. П. Славскийге арналған деректі фильмнің музыкасын жазған.

2002 жылы «Нет песен без любви» атты лазерлі дискісі шығарылды. ҚР Композиторлар Одағының мүшесі. 1982-1991 жылдары СССР дағы атом өнеркәсібі Сарайлар мен Мәдениет үйлерінде бүкіл дүниежүзілік директорлар кеңесінің мүшесі болды. Мадақтаулар: Ұлы отан соғысындағы совет халқының фашистік Германияны жеңудегі ерлігі үшін (1965), Еңбектегі ерлігі үшін (1986), Ресейдің атом өнеркәсібінің ардагері (1999), ҚР-ның мәдениет үздігі(2001).

 

С. Я. Чибиссов туралы әдебиеттер

Литература о С. Я. Чибисове

 

Кудинов Б. Бенефис Сергея Чибисова [Текст] : [Беседа с дир.усть-каменогор.ЦДК,музыкантом,автором и композитором С.Чибисовым] / Кудинов Б. // Рудный Алтай. - 1998. - 21 нояб. - С.

Пантюшенко В. Не хлебом единым...; или о деятельности коллектива Центрального Дома культуры УМЗ [Текст] / Пантюшенко В. // Рудный Алтай. - 2000. - 11 нояб. - С. 6

Туған жер әуендері [Мәтін] : ШҚО композиторларының шығармалар жинағы : Сборник произведений композиторов ВКО. - Өскемен : б. ж., 2005. - 200 б.