Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Матаев Х.

mataevМатаев Хафиз (1931) – қоғам қайраткері

Матаев Хафиз 1931 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында туған.  1947 ж. Семей педучилищесін бітіріп, Саржалда мүғалім болады. 1948 -1952 жж. Семей пединститутының Қазақ тілі, әдебиеті факультетін қызыл дипломмен бітіреді.

1952 - 1958 жж.  Бесқарағай аудандық оқу бөлімінің инспекторы, меңгерушісі, Беген орта мектебінің директоры болады.

1958 ж. отызмыңжылдық жолдамасымен Хафиз Бесқарағайдың Чапаев атындағы /Беген/колхозға бастық болып істейді. Cемей зооветеринарлық институтында 1963-1972 жылдары сырттай оқып зоотехник мамандығын алады.

1965-1969 жж. Х.Матаев Шұбартау аудандың Совет атқару Комитеті төрағасы қызметін атқарады. 1969 ж. қаңтарда Х.Матаев Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады.     Абай ауданы - ұлы Абайды, дана Әуезовті  дүниеге әкелген киелі жер және 1970 ж. Абайдың 125 жылдығын өткізуді ескеріп, Х.Матаев Алматыға арнайы барып Д.Қонаев, Б.Әшімовтерге жағдайы әлсіреген ауданға қолдау көрсетуді  сұрап хат жолдайды. Хат қолдау тауып, 1971 ж. мамырда Қазақстан Үкіметі «Абай ауданының әлеуметтік -тұрмыстық жағдайын жақсарту тұралы» қаулы қабылдайды. Бұл қаулы аудан халқының еңсесін көтеріп, сенім ұялатады.

Х.Матаев бірінші хатшы кезінде Абайдың 125 жылдығы, М.Әуезовтың 90, Шәкәрімнің 130 жылдығын басқарып Қарауылда өткізу мүмкіндігі болғанын мақтанышпен еске алады.

Абай ауданында хатшы болып істеген 17 жылда (1969-1991) Х.Матаев екі дүркін Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаттығына сайланды.

1988 – жылы КПСС-тың Бүкілодақтық Конференцияға, 1990 жылғы ең соңғы КПСС-тың  XXVIIІ съезінің делегаты болып сайланды.

Х.Матаевтың еңбегі жоғары бағаланып «Құрмет белгісі», «Еңбек қызыл ту», «Октябрь революциясы» және «Ленин» ордендерімен марапатталған.

Х. Матаев еңбек демалысына шығар алдында 1989-90 жылдары екі рет Ядролық қаруды сынақтан өткізуді тоқтатып, Семей ядролық полигонын жабу туралы ақиық ақын Олжас Сүлейменов басқаратын «Невада –Семей» қозғалысының белсенді мүшесі ретінде Абай ауданының орталығы Қараулда екі рет халықаралық акция өткізді. 1992 ж. Х. Матаев 40 жыл ядролық сынақтан зардап шеккендерді реабилитация жасап, өтем ақы төлеу тұралы Заң қабылуануын талап етіп, Семейде халықаралық конференцияны басқарып өткізді. Осы үш акцияға әлемнің әр түпкірінен әрқайсысына 200-300 ден шетел жанашыр зиялы адамдар келіп қатысты.

1995 жылы тамызда өткен ЮНЕСКО деңгейіндегі Ұлы Абайдың 150 жылдығы дайындап өткізуге облыс әкімі жанынан Елбасының рұхсатымен арнайы бөлім ашылып, Х. Матаев екі жыл осы бөлімді басқарды. 1996 жылы зейнеткер Х.Матаевтың қоғамдың еңбегі жоғары бағаланып Президентіміздің жарлығымен «Парасат» орденімен наградталды.

Х.Матаев 2006 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы бойынша ардагерлер Кеңесінің бірінші орынбасары. 2011 жылы Голландияда өткізілген «Ядролық дилеммалар: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияға Шығыс Қазақстан облысынан облыс әкімінің орынбасары Серік Әбденұлы басқарған делегацияның құрамында болып барып қайтты.

2011 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына, 80 жасқа толуына байланысты «Достық» орденімен және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» юбилейдік медальмен марапатталды.

Х.Матаев 1953–1992 жж. КПСС мүшесі болған. Қазір ешбір партияда жоқ. Сотты, істі болмаған. Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Франция, Сауд Аравиясы, Голландия елдерінде болған.

Х.Матаев – Семей қаласының, Абай ауданың Құрметті азаматы.

Х.Матаев – «Абай аулының ақиықтары» (1981),   «Ақылмен ойлап сөйлесек» (2000) кітаптардың авторы, және 2008 ақын Т.Жанғалиевтың авторлығымен шыққын «Матаев»  атты эссе– кітаптың кейіпкері.

Матаев Хафиз  туралы:

  • Тұраров, Мерлен. Тау тұрпатты, турашыл Тұранғазы [Электрондық ресурс] : [Мақаншы ауданының тарихынан] / М. Тұраров. - Семей : [б. и.], 2007. - 306 б.
  • Сейсенұлы , Дәулет. Қарттарым, аман-сау жүрші [Мәтін] : [Семей өңірінің абыз ақсақалы Х. Матаев туралы.] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан . - 2006. - 19 қаңтар.
  • Награды от имени Президента [Текст] // Спектр. - 2015. - 16 декабря. - С. 1.
  • http://mataev.kz/index.php/ru/