Известные имена

Есімдер

Взять ипотеку в банке. Хочу взять ипотеку без первоначального взноса. Какую лучше взять ипотеку. С чего начать изучение языка objective c. Новый язык программирования objective c учить. Язык objective c с нуля. Как зарабатывать в интернете. Учимся заработать на сайте много. Как создать сайт для заработка. Видео самоделки трактора. Самоделки трактора своими руками чертежи. Мини трактора видео самоделки.
Кредит наличными без справок. Как получить наличный кредит быстро. Выгодный кредит наличными. Какой автомобиль лучше. Какие лучшие марки автомобилей. Когда лучше покупать автомобиль. Как установить linux с нуля. Правильная настройка linux. Учимся как запустить linux. Теплый пол своими руками. Быстрый монтаж теплого пола своими руками. Отопление теплый пол своими руками. Где скачать модули Joomla. Бесплатные модули joomla скачать. Самые популярные модули для CMS Joomla.

Аманов Т. Ы.

Аманов Т.

Аманов Төлеубай Ыдырысұлы (1923-1978 жж.) - көрнекті ғалым, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы.

Жаңасемей ауданы, Құрманқожа ауылында туып-өскен. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ға оқуға түскеннен кейін, майданға шақырылып, Днепрді азат ету кезінде ауыр жарақат алған. Майданнан оралған соң, Семей пединститутының физика-математика факультетін аяқтайды.

КСРО Ғылым Академиясының В. А. Стеклов атындағы Математика институтының аспирантурасын аяқтағаннан кейін, кандидаттық диссертация қорғайды (1953 ж.), доцент қызметін атқарған, кейін Жоғары математика кафедрасының меңгерушісі, Семей пединститутының оқу және ғылыми жұмысы жөніндегі проректоры болған. Ғылыми ашулар тақырыбы – «Функция теориясы және функционалды талдау». Новосібірдегі Академиялық қалашықта докторлық диссертациясын қорғаған соң (1967 ж.), Т. Ы. Аманов Алматы қаласына лаборатория меңгерушісіне ауыстырылады, көп ұзамай Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институты директорының орынбасары, кейін директоры және Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да Дифференциалды теңдеулер кафедрасының меңгерушісі қызметін қоса атқарады.

Т. Ы. Аманов – Функция теориясы мен функционалды талдаудың қазақстандық мектебін құрушы, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (49 жасында). Алайда кенеттен келген қаза Т. Амановтың шығармашылық жолын күрт үзеді. Ол өзінен кейін бірталай математик ғалымдар мен педагогтарды тәрбиелеп кетті. Олардың қатарында профессор К. Нұрсұлтанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Таулық Рымжанов, физика-математика ғылымдарының кандидаттары, доцент С. Қалиев, Ш. Қасенов, Н. Машрапов, Б. Базарханов және т.б.  

Аманов теориясы мен оның математикадан 30-дан астам зерттеуінің нәтижесін Ресей, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және т.б. елдердің студенттері меңгеруде. Дарынды ғалым оқыған №16 Семей орта мектебіне бүгінгі күні оның есімі берілген.

 

Т. Ы. Амановтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о научной деятельности Аманова Т. И.

 

Кітаптар - Книги

 

Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2009.

Т. 1 : А-К. - 535 б. – Аманов Төлеубай Ыдырысұлы: б.108.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Астана : Фолиант, 2011.

Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Аманов Төлеубай: б.134

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Аманов Төлеубай Ыдырысұлы: б. 179.

***

Славные земляки [Текст] : (био-библиографическая памятка). - Семипалатинск , 1998. - Аманов Толеубай: с. 4.

 

Мақалалар - Статьи

 

Елубаев, С. Е. Қазақтын байырғы қара есептері және қазақ математиктері [Мәтін] / С. Е. Елубаев . - Алматы : Қазақстан, 1996. - 144 б.

Түгіс, У. Аманов теориясы [Мәтін] : [Семейлік жерлесіміз, қазақтың әйгілі математик-ғалымы, Т. Ы. Аманов туралы] / У. Түгіс // Семей таңы. - 1998. - 27тамыз-2 қыркүйек. - Б. 9.

Мадрахимова, Г. Ғалым тағылымы [Мәтін] : [Семей өңірінен шыққан, аты әлемге әйгілі болған математик, ғалым Төлеубай Ыдырысұлы Аманов туралы] / Г. Мадрахимова // Дидар. - 2002. - 18 мамыр. - Б. 4.

Жолымбетов, О. Дара тұлға [Мәтін] : [жерлесіміз Т. Ы. Амановтың ғылыми мұрасы жайлы естелік] / О. Жолымбетов // Аудан тынысы. - 2010. - 12 ақпан.- Б. 6.

Есенжолов, Е. Әлемдік деңгейдегі математик [мәтін] / Е. Есенжолов, М. Жанбөбекова // Семей таңы . - 2014. - 23 қыркүйек. - Б. 4.

                                  

***

Султанбеков М. Формула жизни Аманова [Текст] / М. Султанбеков // Иртыш сегодня. - 2003. -18 апреля. - С. 5.

Часнык, Л. Памяти казахского математика [Текст] / Л. Часнык // Казахстанская правда. - 2003. - 17 июля. - С. 2.

Шайхынова, А. Обсудили перспективы математической науки [Текст] / А. Шайхынова // Вести Семей. - 2013. - 15 октября. - С. 6.